Індетке қарсы тұрудың бірден-бір жолы екпе екенін ескерсек, елдегі вакцинация статистикасын да сөйлете кеткен жөн болар.
Елде індетке қарсы екпенің алғашқы компонентін қабылдағандар саны 3 миллионнан асты. Дәлірек айтқанда, препараттың бірінші дозасын 3 771 053 отандасымыз салдырса, екпенің екі компонентін – 2 190 778 адам алған екен. Бүгінде вакцина салдыруда алматылықтар жоғары белсенділік танытып отыр. Оңтүстік мегаполисте екпені 519 268 тұрғын қабылдаған. Екінші орында түркістандықтар тұр. Киелі шаһарда вакцинаның алғашқы компонентін 403 590 адам салдырыпты. Ал үшінші орынға препараттың бір дозасын 381 678 азамат алып үлгерген Алматы облысы жайғасқан.
Дегенмен, кей өңірлерде вакцинациялау қарқыны әлі де баяу. Мәселен, көш соңында Маңғыстау облысы. Мұнда індетке қарсы екпенің бір компонентін тек 66 407 адам қабылдаған екен. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.
Тағы да оқыңыздар: Вакцина салдыр да, түсіңде көрмеген жеңілдік ал!