Алматы облысы Іле ауданы «Ақши» ауылында ағымдағы жылдың 19 қыркүйек күні «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасы аясында «Ақ ниет» әжелер ансамблінің 40 жылдық тойына орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Кездесуге Іле аудандық мәслихат депутаттары Гүлмира Ақжолтаева мен Елена Потапова қонақ болып, халықтық “Ақ ниет” әжелер ансамблінің айтулы мерекесімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Сонау 1981 жылы, жаңадан құрылған Күрті ауданында іргетасы қаланған ансамбльдің бүгінгі күнге дейін толық құрамда ауыл тұрғындарына өнер көрсетіп, салт-дәстүрді ұлықтап, жақсы көңіл-күй сыйлап жүргендері атап өтіліп, жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен арнайы сыйлықтар тарту етілді.
Ұлттың рухани дамуына үлес қосқан ансамбль мүшелерінің алды 70 жасты алқымдап, халық әндерін нақышына келтіре орындап, насихаттап жүрген ардақты аналар.
Ансамбль құрылғаннан бері аудан, облыс көлеміндегі қоғамдық және мәдени іс — шараларға белсене араласып, өз тыңдармандарының құрметіне бөленген ұжым.
Әні мен сәні жарасқан қазақтың аяулы әжелерінен құрылған
«Ақ ниет» ансамблінің мүшелеріне амандық тілеп, игілікті істеріңіз жалғаса берсін деген тілек айтамыз!
Әні мен сәні жарасқан қазақтың аяулы әжелерінен құрылған
«Ақ ниет» ансамблінің мүшелеріне амандық тілеп, игілікті істеріңіз жалғаса берсін деген тілек айтамыз!
Роза Есенбаева,
зейнеткер — ұстаз, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері
зейнеткер — ұстаз, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері