Ұлттық бәсекеге қаблеттіліктің сан салалы жолдары бар. Замананың күн сайын жаңаланып дамуына ілесіп жаһандану кеңістігінде елдік өркендеудің үлгісін жасау мәселесінде мәдениеттің атқаратын рөлі зор. Қазақы ұғым тұрғысында ел ділімен танылмақ дейтін сөз-ақ тамырын тереңге жайып тұр. Бұл тұрғыда ойымызды одан армен тереңдеп, зерделеп, толғаныс жасау үшін Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы: «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасының төңірегінде азды-кем пайымдау жасап, бүгінгі таңға дейінгі жасалынып, жүріліп жатқан жұмыстарды негізге ала отырып, мейілінше кең ауқымды талдап көруге күш салуды мақсұт етіп отырмыз. Кеңінен талдау жасап, кең тынысты ойланып қарайтын болсақ мәдениеттің көлемі кең.
Мәдениет (латын. Cultura- өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер дейтін анықтама бар екені көпке белгілі. Өйткені мәдениет адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтитын шеңбер. Сондай-ақ тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Шын мәнісінде мәдениеттің құны халықтық түс алғандығымен дараланып оқшау тұрады. Әр ұлттың. Ұлыстардың, этностардың өздеріне тәуелді мәдениеті бар. Ұлтты тантудың тағы бір ұлы жолы мәдениетті таныту болып табылады десек қате айтпаған болар едік. Бұл тұрғыда Елбасымыздың: «Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы саясаттағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек» дйтін ұстанымы қазақ қоғамының әлемдік деңгейде мәдениетін танытып, настихаттауда көшбасшылық рөл атқарады дегенге саяды. Осы ой-жүйе жетегі негізінде жұмыстар жүргізіліп, тынымсыз атқарылып жатыр. Атап айтқанда 2017 жылдың үшінші қазанында Елбасы кітапханасының Музейі ғимаратында «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан» ғылыми жобасын жүзеге асыру және халықаралық ынтымақтастық аясында «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізуден бастап негізгі бағыттағы үлкенді-кішілі жұмыстар респубылика көлемінде және халықаралық дейгейде жүзеге асып жатыр.
Рухани жаңғыру бағытында қолға алынып тыңғылықты жүріліп жатқан «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы өрісті, салмақты, үлкен жұмыс дер едік. Қоғамдық дамуда пайда болып, қалыптасып отыратын көптеген жетістіктер болады деп қарайтын болсақ, соның ең үлкен бір саласы мәдениет болмақ. Аталымыш жетістік халықтық деңгейден мансұқтап, әлемдік деңгейге дейін таныту үшін нақты жұмыстар жүргізуді қажет еткен болар еді. Қазақ мәдениетін күллі дүние жүзіне дәріптеп, барша әлемге танымалы етуде осы жобаның маңызы ерекше. Осы жоба алғаш басталғаннан бүгінге дейінгі жетістігі, бағындырған шыңы ретінде 2017 жылғы 17-19 қазанда Париж қаласында беделі халықаралық дегейде болып табылатын UNESCO штаб-пәтерінде өткен «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасын таныстру іс-шарасын атап айтсақ болады. Сондай-ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылдың желтоқсан айындағы Беларусь Республикасына ресми сапары аясында Беларусь Республикасының Ұлттық бейнелеу өнері музейінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналып тұсауы кесілген «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» жобасы аясында бастау алған «Ұлы даладағы көшпенділер тарихы» атты көрмесі ашылды. Осыдан армен қарай жалғасын тапқан бұл даңықты шара әлем түпкірін кезіп кете барды. Ресейдің Бүкілресейлік халық өнері мен декоративті-қолданбалы өнер музейінде 2018 жылы сәуірдің 4 жұлдызында мәдени құндылықтарымыз ел халқына таныстырылды, насихатталды. Бұл жоба 2019 жылы Жапония, Грузия, Ұлыбритания, Испания және Түркияның музейлерінде, 2020 жылы АҚШ, Италия, Аустрия, Франция, Германия музейлерінде таныстырылып, қазақ елінің мәдениетін әлемге тереңінен танытатын болады.
Мәдени жетістікті әлемге танытудың басталуы рухани жаңғыру жобаларындағы басым баспалдақ болды деу орынды. Осы бағдарлама негізінде ауқымды шаралар тынымсыз жалғасын тауып жатыр. Елдік мәдениетті кеңінен таныту, кеңінен насихаттау жолында тер төгілуде. Дән егіп жатыр десек болады. Мезгілі болғанда мол өнім алуды мақсат еткеніміз айқын. Осы жобадағы іс-шаралардың тағы бір салмақтысы «Театр зертханасы» жобасы болып табылады. Мұнда еліміздің түкпір-түкпірінде және облыстар мен аймақтарда өнер көрсетіп жүрген талантты да дарынды актерлерді анықтап, оларды бір орталыққа бағындыратын ортақ алаң қалыптастыруды негізгі мақсат етеді. Ел мәдениетін тереңдеп, зерделеп білу, оны танып халыққа жеткізу, әлем алдында қазақ мәдениетінің озық жетістіктерін көрсете білу дейтін толып жатқан арман-мақсаттарда жұмыс жасалып, нақты қадамдар атқарылуда. Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова: «ол жоба негізінде қазақстандық мәдениеттің жетістіктерін дәріптеу, үздік музыкалық шығармаларға цифрлы форматта жедел қолжетімділік жасау мақсатында Dalatunes жобасы іске асырылғанын атап өтті. Оның айтуынша, 2017 жыл бойынша 13 мың музыкалық шығарма, 1,2 мың нота және 1,7 мың аккорд жүктелген. «Өнер шығармаларын, сондай-ақ музейлік қорларды цифрландыру бойынша жүйелі жұмыстар басталды. Сонымен қатар Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде жалпы музейлік қордан 24813 бірлік 13700 бірлікке цифрландырылды. Орталық мемлекеттік музейде 39 602 бірлік цифрландырылды» деп тоқталған еді.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының жетегінде, сол кеңістікте жұмыстар атқарылып жатыр. Біздің тоқталып өткеніміз рухани жаңғырудың ең үздік салаларының бірі һәм бірегейі саналатын «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасының бүгінге дейінгі жетіп жатқан жетістіктері жайында толғам жасау болды. Осындай ұлы бастаманың арқасында халқымыздың ғасырлар бойы кемеліне жетіп, қанымен біте қайнасып келе жатқан озық мәдени құндылықтарын әлем назарына ұсынып, соларға танытып, насихаттауда рөлі зор болып табылады.