Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында жолға қойылған, айтылған, сөз болған елдік өркендеудің келбетін, жаңа бет-бейнесін көрсетіп сол жолда аянбай табан-ет маңдай терін төгіп, еңбек еткен Қазақстанның маңдайына туып, одан әрі елін, жерін жаңа үлгіде танытуға барын салған тұлғалар үшін «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жүргізілді. 2017 жылдың 18 қазанынан 10 қараша аралығында www.100esim.el.kz сайтында қатысушыларға онлайын дауыс беру жүйесі арқылы жеңімпаздар анықталды.
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары бизнес, қоғам, ғылым, мәдениет, медицина, спорт салалары бойынша іріктелген, шашасына шаң жұқпайтын кіл жүйріктер. Олар бодандық уысынан шығандап барып шығып азаттық туын желбіреткен, сана еркіндігіне қол жеткізіп, ертеңгі нұрлы күні үшін жанын салып жатқан елдің серкелері десек артық болмас еді. Шын мәнісінде Қазақ жұрағатының басына батпан бақ қонған ширек ғасырдан астам уақыт бізді несімен таңғалдырды, тамсандыра алды? Қараша халық үшін тәуелсіздіктің жылуы қаншалықты болды? Елдік санатта қандай даңқты жұмыстар жүргізіліп жатыр дейтін түйткілді сұрақтар көңілде тулап, еріксіз жауап тілеп жататыны бар.
Осы сұрақтар негізінде өзімізше толғанып, тереңге бойлап сараптама жасап көретін болсақ, медет боларлық, қанағат тұтарлық жауапты іздеп тапқан болар едік. Неге дейсіз ғой, тәуелсіздік жылдары қараша халықтың қамы үшін жасалып, табысқа жетіп, атқарылып жатқан жұмыстар жетерлік. Көп-ақ десек артық болмайды. Бұл сөзіміздің дәлелі ретінде бүгін сөз етіп отырған «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасын қарастырсақ болады. Бұл жоба тәуелсіздік жылдарындағы үлкен жетістікке, табысқа жеткен, мейілінше өз әлемін жасап, із қалдырған әр саладағы, әртүрлі этностардан тұратын даңқтылар. Олардың жеңісі, жеткен биігі, бағындырған шыңы Қазақ елінің жаңа тарихы. Жаңа тарихында жеткен үлкен жетістіктерінің бірі саналады.
Елдің дамуына зор үлес қосып жұмыстар жүргізген, халықтың ұлы бола жүріп, ел көңілінен шыға білген асыл азаматтардың еңбегін бағалау, тани білу, жетістіктерін мадақтап бағалай білу де үлкен өнер. Осы арқылы еліміздің көркейіп-дамуына үлес қосқан, басып өтіп бара жатқан жолымызда тарихи парақтарымызда аңыз боларлық ісімен қалатын тұлғаларды саралай білу президентіміздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы өзекті түйіндердің бірі болып табылады. Әрі тыңғылықты орындалуы болып саналады. Себебі мақала мазмұнында ел дамуына зор үлес қосқан азаматтардың өздері мен олардың табысқа жету тарихына мән беріп, оларға ақпараттық қолдау жасап, танымал етудің жаңа мультимедиялық алаңын қалыптастыруға шақырған. Міне бұл өзара сабақтасудың дара жолы болып есептеледі. Шындығында жаңаша дамуда озық тұрып қанжығаны майлап, мәреден оза шауып көмбеге бірінші болып жету қазақы сананың қалауы болса, осы ойдың жеңіске жетуі үшін «жүз жаңа» есімдегі тұлғалардың еңбегі ұшан-теңіз болуы заңды болған болар еді.
«Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болар» дейтін даналықтың айтары мол. Жоба жеңімпаздары іріктеліп, анықталып болған. Оны анықтап, саралай, бағамдай білгенде сол асыл азаматтардың сенген халқы. Өйткені халық бар жерде бақыт та, байлық та бар, халық бар жерде жеңіс те, жеміс те бар. Халықты сүйген, халыққа күйген азаматтардың басы жерде қалмайды. Белгілі, әлемдік ақыл-парасатпен өмір сүрген адам баласы ішінен шыққан дара талант иелері өздерінің еселенген еңбек жемістерімен басқалардың көзіне биіктеп көрінеді. Әрине, тартымды талғам, жасампаздық өнер жарысында өзіндік жарамдылығымен топ жарып, даралығымен көкірек керіп көрінбегендерді дарынды санамасы, аспанға көтермесі анық. Осы жолғы додада топ жарып оза шапқандар өз саласының үздіктері. Тәуелсіз елдің өркендеуі үшін, кемелденіп толығуы, әлем алдында еңселі көрінуі үшін бір кісілік үлесін қосқандар. Елін және Елбасын қолдағандар. Елімізден нені аламыз деп емес, нені сыйлаймыз, немен қуантамыз деп алдына үлкен мақсат қоя білгендер. Қазақ қоғамының үздіксіз дамуына үнсіз үлес қосып, еңбек етіп жатқандар.
Қазақстанның әлем алдында еңсе көтеріп, дамыған қауқарлы елдермен тең тұрғыда сөйлесуі үшін әрбір қазақстандықтың өтеуге тиісті боршы, атқаруға тиеселі міндеті бар. Жаһандану ғасыры үшін елдік экономикалық қуаты, мәдениет саласы, халықтың әлеуметтік тұрмысы, елдің әскери күші секілді толып жатқан салалардың жеңіске жетуі заңды. Соны қажет етеді. Негізгі талаптардың тізбегін құрайтын салдарлар болып табылады. Рухани жаңғырудың жаңа маусымы толып жатқан жетістіктермен әр салада нәтиже жаратып жатыр. Даңқты нәтижелердің бірі ретінде «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасын мақтана-мақтана айтар едік. Елбасының бастамасымен атқарылып жатқан осы бір игілікті істің астарында терең мән, үлкен мағына жатыр еді. Тәуелсіздіктің ширек ғасырдан астам уақытта қол жеткізген жетістіктерінің бір пұшпағы-тұғын. Елдің көркейіп, дамуы үшін үлес қосқан асыл азаматтардың еңбегіне баға беріп ұлттың алтын тарихына алтын әріппен солардың есімін жазу болатын. Сол арқылы Мағжан сенген жастарға, ұлттың келешегі болған жастарға жол көрсетіп, шабыт сыйлап халқы үшін еселі еңбек етуге жігерлендіру, жігерлендіре отырып баулу дейтін ұлы мақсат-мұрат жатқаны белгілі. Сапар оңына бассын осындай ұлы соқпақпен ұлы армандарға жете берейік.