Respublica партиясының съезі басталды деп, хабарлайды dasturkb.kz El.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап. 
Respublica — мемлекеттің түрлі салаларын қалпына келтіруге ұмтылатын белсенді азаматтардан құралған жаңа партия. Партияның құрамында партия төрағасы, ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші, «Олжа Агро» серіктестігінің басшысы Айдарбек Ходжаназаров, тең төрағалар мен кәсіпкерлер – Сырымбек Тау, Руслан Берденов, Максим Барышев, Динара Шүкіжанова, Қуаныш Шонбай, Бейбіт Әлібеков және Нұрлан Қоянбаев бар.
Партия 2022 жылдың тамызында құрылды. 2023 жылдың 18 қаңтарында Respublica партиясы тіркеу құжаттарын қабылдады. 25 қаңтарда Қостанай облысында алғашқы облыстық филиалы ашылды.
Respublica партиясының аймақтық филиал басшыларына туды табыстады. Съезде партиясының мүшелері партияның Жарғысын бекітіп, сайлауалды бағдарламасын ұсынады, партиялық тізімдер және бір мандатты аумақтық округтер бойынша сайланатын
сегізінші шақырылымдағы Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну мәселесін талқылайды.
Партияның басты мақсаттарының бірі – биліктің ашықтығына қол жеткізу, оның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, азаматтарға саясатқа ықпал ету мүмкіндіктерін беру.
Фото: El.kz
Бөлісу: