Жер сілкіну алдында жан-жануарлар ерекше мінез көрсетеді екен

Жер сілкіну алдында жан-жануарлардың ерекше мінез көрсететіндігі туралы ең алғашқы деректерді 1887 ж, Верный (қазіргі Алматы) қаласында болған жер сілкінісінің куәсі, белгілі ғалым-геолог И. В. Мушкетовтың жазып қалдырған еңбектерінен және сол кездегі жергілікті газет беттерінен де табуға болады.

Бұл мәліметтерге қарағанда, жер сілкіну алдында құстардың (торғай, қарлығаш, кептерлердің) ашық тұрған терезе арқылы үй ішіне ұшып кіруі жиі кездеседі. Осыған ұқсас жағдайлар Верныйда (1911), Қырымда (1927), Ашқабадта (1948) Югославияның Скопле қаласында (1963), Ташкентте (1966) және Тәжікстанның Алай (1978) жері сілкінісі кезінде де байқалады.

Осындай нақты деректердің арқасында көптеген ғалымдар жер сілкінуді алдын ала болжаудың бионикалық әдісін жолға қоюды жөн көреді (интернеттен).

Енді міне, кешегі Түркиядағы жер сілкінісі кезінде иттер мен құстар да ерекше мінез көрсеткендері жергілікті тұрғындардың камераларына түсіп қалған екен.

Бөлісу: