Түркияның Қазақстандағы елшісі Уфук Екиджи жер сілкінісі кезінде қанша қазақстандықтың із-түзсіз жоғалғанын айтты, – деп хабарлайды Дәстүр Tengrinews.kz және Азаттыққа сілтеме жасап.
Түркия елшісінің айтуынша, қазіргі уақытта төрт қазақстандықтың зардап шеккені белгілі болыпты.
«Қазір із-түзсіз жоғалған төрт қазақстандық туралы ақпарат бар. Олардың үшеуі Хатай қаласында, біреуі Адана қаласында жоғалып кетті. Қазір Түркияда зілзаладан зардап шеккендер саны 41 мыңнан асқан. Үш күн ішінде қазақстандықтар Түркия азаматтарына көмектесу үшін 90 мың доллардан астам қаражат жинаған. Баспанасыз қалған азаматтарға 92,7 мың шатыр тұрғызылған.», – деді Түркия елшісі Астанада өткен брифингте.