Ұлттық-этнографиялық «Дәстүр» журналының бас редакторы А.П.Чехов атындағы Орталық қалалық кітапханада өткен кездесуден соң, Almaty.tv арнасы журналистерінің өтініші бойынша еліміздегі үлкен саяси науқан – Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы туралы арнайы сұхбат берді, деп хабарлайды «Дәстүр» порталы.
Онда алдағы сайлауға қатысты өз ойларымен бөлісті.
2023 жылғы 8 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына келесі саяси партиялардың партиялық тізімдері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы құжаттар ұсынылды:
1. «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі;
2. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі;
3. «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» республикалық қоғамдық бірлестігі»;
4. «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестігі;
5. «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігі;
6. «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігі;
7. «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігі.