«Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласы негізінде «Туған жер жобасы» аясында ұлтының ұлы перзенті, туған өлкенің төл перзенті Телжан Шонанұлының туғанына 125 жылдығына орай, жақында С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Телжан Шонанұлы – қоғам қайраткері»тарихи кеш өтті.
Өткізілген іс-шараның мақсаты: Өзінің туған жерін шын сүйіп, оның тарихына үлес қосқан, отандық тіл білімі көшбасшыларының бірі, ғалым- педагог, әдебиетші, сыншы, тарихшы, аудармашы, қоғам қайраткері жерлесіміз Телжан Шонанұлының өмірін, еңбегімен оқырмандарды таныстыру, хабардар ету болды.
Телжан Шонанұлы 1894 жылы Ақтөбе облысы,Ырғыз ауданы, Аманкөл ауылында дүниеге келген.1908-1912 жылдары Ырғыздағы екі кластық орыс- қазақ мектебінде, 1912-1916жылдары Орынбордағы Қырғыз(қазақ) мұғалімдер институтында оқыған. Институтты бітіргеннен кейін 5-6 жыл мұғалімдік қызмет атқарған. 1917 жылы Алашорда үкіметінің А.Байтұрсынов басшылық еткен Оқу комиссиясына сайланған. 1920- жылдарда ұстаздық қызмет жасаған, 1928 жылдан ҚазМУ-да, ҚазПИ-де оқытушы, доцентқызмет атқарған.
Айта кетсек, Шонанұлы – қазақ тіл білімі саласында елеулі еңбек еткен ғалым, әдебиет зерттеушісі, аудармашы, педагог, лингвист,түркітанушы, қоғам қайраткері, доцент, көп қырлы ғалым, туған жеріне жемістіқызмет еңбек еткен азамат.Шара барысында жерлес Телжан Шонанұлының түрлі еңбектерімен таныстыру жұмыстары жүргізілді. Кешке қатысқан «Жарық» ақпараттық орталықтың мамандары Аетова Балауса, Табынбаева Гүлнұр тағы да басқа тыңдармандар еңбектері мен ғалымның латын графикасымен жарық көрген алғашқы «Әліппе» оқу құралдарына тоқталды. Қатысушылар ақпаратты үлкен қызығушылықпен тыңдады, кеш аясында Т.Шонанұлының өмірі мен мен шығармашылығына арналған «Телжан Шонанұлы – әмбебап ғалым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кеш соңында «Телжан Шонанұлы- мұрасы» слайдыкөрсетілді. Жиын соңында жиылған оқырмандар естелік суретке түсіп тарқасты.
Шырайлым ҚҰДАСОВА, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкері. Ақтөбе қаласы.