Қызылорда облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті 60 мекемесінің режим бөлімінде есірткі заттарын анықтау үшін қызметтік иттерді пайдалана отырып, тінту жүргізілетіні белгілі. Ерекше қызмет атқаратын бұл иттер ерекше күтімді қажет ететіндіктен, мезгіл сайын тамақтану мен уақытылы ем алуы қолға алынған.
Иттердің көмегімен жарылғыш зат, есірткі, қару ізделеді. Яғни, кинолог пен ит бірлесе жұмыс істейді, – деп хабарлайды «Дәстүр» Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
– Қазіргі таңда мен 7 жастағы Мартин есімді көмекшіммен бірге жоспарға сай жаттығу алаңындамыз. Ерекше қасиетке ие көмекшім екеуміз аз уақытта тіл табысып, тыйым салынған заттардың мекеменің ішкі аумағына енуінің алдын аламыз Итті жақсы көрмесе, жан-дүниесі мен табиғатын түсінбесе, олармен жұмыс істеу қиын. Күшік кезінде олардың мінезін әбден зерттеп алу қажет. Тінтуші жануарды осы мамандыққа үйрету — жас баланы тәрбиелеумен бірдей. Оны да алдайсың, еркелетесің, тіпті ұрысып аласың. Күшік кезінде ештеңе білмейді, жаттығулар кезінде олардың ерекше қасиеттері ашылады. Итті күтіп-баптау, тамағын беру де біздің міндетіміз. Жануар қомқорлықты қажет етеді. Оны үсініп, қамқор болсаң, жақсылығыңды ұмытылмайды, еселеп қайтарады. Олардың адамдарға деген адалдығы мен сенімділігінде шек жоқ, – дейді режим бөлімінің бақылаушы кинологы Аманғалиев Бекзат Маратұлы.
Бөлім қызметкерлері осы иттердің көмегімен тоқсан сайын бір рет тінту жұмыстарын жүргізеді.