Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды dasturkb.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
БАҚ өкілдері Ұлттық банк төрағасынан: «Жуырда Ұлттық банк «7-20-25» бағдарламасы бойынша жыл сайынғы 100 млрд теңге көлеміндегі шектеу солай қалатынын айтты. Шектеу инфляцияны, баспана бағасының өсуін шектеу үшін қажет делінді. Бағдарлама әрі қарай қалай жалғасады? 2024 жылы жаңа шектеулер, шектеулердің алынып тасталуы мүмкін бе?» деп сұрады.
«7-20-25» бағдарламасы 2018 жылғы шілдеден іске асырылады. Оны іске қосқан кезде базалық мөлшерлеме 9,25 пайыз болатын. Сол кезде 7 пайыз мөлшерлеме бекітілді. Мүмкін, оны елдегі жағдай әрқашан тұрақты бола бермейтіндігін ескеріп, базалық мөлшерлемеге «байластырған» дұрысырақ болар ма еді. Бастапқы көлемі 1 трлн теңгені құрады. Ол 1 трлн теңгеге жеткенде аяқталуы тиіс еді. Меңгеру қарқыны бойынша беру 427 млрд теңгеге тең болды. Базалық мөлшерлеме 16 пайыз болғанда, 7 пайыз белгіленген мөлшерлемеге жетті. Бағдарлама іс жүзінде шектеулері болмағандығымен тартымды, — деп атап өтті Ғалымжан Пірматов.
Сонымен қатар ол бағдарламаның 2023 жылы аяқталуы тиістігіне тоқталды.
Өйткені 1 трлн теңгені меңгерген соң аяқталуы тиіс еді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен бағдарламаны жалғастырдық. 100 млрд теңге көлемінде шектеу қойдық. Бұл оңтайлы шешім деп есептейміз, себебі бұл коммерциялық банктерге өздерінің нарықтық өнімдерін дамытуға мүмкіндік береді. Әрі қазақстандықтарға басқа ипотекалық өнімдерді қолдануға жол ашады, — деді Ұлттық банк төрағасы.
Бұған дейін Пірматов инфляцияның шарықтауына қарамастан тұтынушылық сұраныс әлі де жоғары екенін айтқан еді.