Бауыржан Исламхан қазақстандық клубпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды dasturkb.kz.
Бұл туралы «Ордабасы» футбол клубының баспасөз қызметі мәлім етті.
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан «Ордабасы» футбол клубымен келісімшартқа отырды. Бато кәсіби мансабын «Тараз» сапында бастаған. Бұдан бөлек, «Астана», «Қайрат», ресейлік «Кубань» мен БАӘ-нің «Әл-Айн» командаларында ойнаған», — делінген клуб хабарламасында.