Алматыда әскери оқу орнының курсанты қайтыс болды

Бүгін, 3 наурызда Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу-жаттығу орталығының қарауыл бекетінде 1-курс курсанты көз жұмды, деп хабарлайды dasturkb.kz порталы. 

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін Қазақстан Республикасы Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары бастаған арнайы комиссия жіберілді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілуге ​​жатпайды» дейді ведомства хабарламасында.

Қарулы Күштердің қолбасшылығы мен жеке құрамы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

Бөлісу: