Бүгін Алматы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын ресми салтанатты түрде атап өту рәсімінің басталуы өтеді. ЮНЕСКО қамқоршылығымен халықаралық ауықымда кеңінен аталып өтетін әл-Фарабидің мерейтойлық жылы әлемнің 40-тан аса елінен қонақтардың басын қосады.
Салтанатты шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев, мемлекет және қоғам қайраткерлері, БҰҰ және ЮНЕСКО, ИЫҰ, ТҮРКСОЙ, сонымен қатар басқа да халықаралық ұйымдардың, Қазақстандағы дипломатиялық миссиялардың өкілдері, ЖОО ректорлары, ғылыми орталықтар мен ҒЗИ жетекшілері, танымал шетелдік және отандық ғалымдар-фарабитанушылар қатысады деп күтілуде. қонақтарға Кітапхана – Әл-Фараби Орталығы таныстырылады. Сонымен қатар мәдениет саласы бойынша ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы мемлекеттік шәкіртақысын ресми табыс ету рәсімі өтеді.