«AMANAT» партиясының кезектен тыс Съезі өтеді

7 ақпан күні Астанада «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXV Съезі өтеді, деп хабарлайды dasturkb.kz  партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов партияның кезектен тыс XXV Съезін шақыру туралы Қаулыға қол қойды. Съезд 7 ақпанда Астана қаласында өтеді, — делінген хабарламада.

Съезд жұмысына еліміздің барлық аймағынан делегаттар қатысады. Осыған орай партияның Орталық аппараты өңірлік филиалдармен бірге дайындық жұмысын бастады.

Бөлісу: