Аппликацияға әртүрлі ою-өрнектер мен әшекейлерді қолдану

4467

Сабақтың мақсаты:

– Оқушылар   шығармашылық жұмыста идеяларын іске асыру мақсатында түрлі ақпарат көздерінің ең тиімдісін зерделейді және таңдайды.

– Бұйымдарды өрнектермен әсемдеудің әдіс тәсілдерін меңгереді.

Сабақтың барысы:

– Кәсіби еңбекке баулу пәнін ұйымдастырумен бастаймыз.

– Оқушылармен сәлемдесу, психологиялық ахуалды қалыптастыру және олардың назарын сабаққа толық аудару. Оқушылар бір-бірлеріне сәттілік тілейді.

Әдісі:

Сабақта қойылған сұрақтарға «ойлан, бірік, бөліс» әдісі арқылы жауап береді. Бұл оларды ұжымдық қызметке баулиды.

Еңбекке баулу сабағы  болғандықтан сергіту жаттығуларын жасаймыз. Алдымен саусақ жаттығуларын мұғалімнің артынан қайталау арқылы жасап шығады.

1- тапсырма:

«Бейнебаян» әдісін қолдану арқылы оқушыларды ұлттық нақыштағы тігіліп, өрнектермен әсемделген бұйым түрлерімен таныстыру.

  1. Сумоншақтармен тігілген өрнектерді немесе арнайы жапсырылатын өрнектерді жариялау.
  2. ТҚ ережесін қайталау.
  3. Сарамандық жұмысқа кірісу.

Дескриптор:

1) Арнайы матаны даярлайды;

2) Бірнеше өрнек түрлерін матаға түсіру технологиясын меңгереді;

«Кувёртка» әдісін қолдану арқылы  идеялар талқыланып, жинақталады;

– А-4 парақ екіге бүктелініп, жұпта кезек-кезек идеялар жазылып, ой бөліседі;

1.Технологиялық картаның көмегімен алдын ала дайындалған өрнек түрлерімен киімдерді әсемдеу технологиясын меңгереді.

2.ТҚ ережесін ескере  отырып, қол жұмыстарына арналған құралдармен емін- еркін жұмыс жасай біледі.

Соңында оқушылар бір-бірін бағалайды.

Сабақтың аяқталуы және кері байланыс:

– Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

– Бүгін оқушылар не білді? – Сыныптағы ахуал қандай болды?

– Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Оқушылар бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсініп,білгендерін смайлик арқылы біле аламыз.

  1. Мен барлығын түсіндім. Сабақ қызықты болды.
  2. Әлі де түсінуім керек, сұрағым бар.
  3. Сабақта өзімді жайсыз сезіндім, мұғалімнің көмегін қажет етемін.

Оқушылардың ойларын тыңдап пікір қалдыру.

 

 

Сыныбы: 7″Ә»

Рана Туашова, 1-ші арнайы мектеп-интернатының кәсіби еңбекке баулу пәні мұғалімі.

Нұр- Сұлтан қаласы

Бөлісу: