Қарағанды қаласының Октябрь ауданына Әлихан Бөкейхан есімі берілетін болды

12.03.2021.
«Құтты болсын, ағайын!
Жаңа ғана Қарағанды қаласының Октябрь ауданына Әлихан Бөкейхан есімін беру жөніндегі қоғамдық тыңдау аяқталды.
Қоғамдық тыңдау қаланың 15 нысанында өтті.
Барлығы 685 адам қатысты.
Талқылау барысында қатысушылардың барлығы ескі атаудан арылып, Алаш көсемінің есімін беру ұсынысын қолдады.
Әлихан Бөкейханның 155 жылдығы туған жерінде осындай іспен басталды!
Баршаңызды осы бір тарихи сәтпен құтықтаймын!», деп жазды Қамбар Ахмет фейсбук парақшасында.

Бөлісу: