Асадал немесе ас үй жиһазы

52
Қызылорда Облыстық Тарихи-өлкетану Музейіндегі Асадал

Асадал – тамақ және ыдыс-аяқ сақтайтын үй жиһазы,кебеженің түрі. Үстіңгі бөлігі Арыстан баб кесенесі қақпақталып, шебердің немесе мүлікті жасатушының мүмкіндігіне қарай оның бетіне түрлі нақыштар салып, сүйекпен, қаңылтырмен, әр түрлі тастармен безендіріледі, әр түрлі бояумен бояп, жиһазға эстетикалық өң беріледі. Төменгі жағы бір-екі бөлік жасалады.
​Асадал сөзінің этимологиясы «ас» және «адал » сөздерінің бірігуімен байланысты,яғни «астың адал болуы», «астың адал һәм таза сақталуы» деген ұғымды білдірсе керек.
​Асадал – түркі халықтарының арасында кең тараған жиһаз болып табылады. Жиһаздың бұл түрі кебежеге қарағанда биіктігімен ерек, қазіргі таңдағы «шкаф немесе буфет» формасына келеді. Бүгінгі таңда қолданыста жүрген үй жиһаздары қайта жаңғыртылған көне дүниелер десек,артық айтқандығымыз емес. Жиһаздың бұл түрі қазіргі уақытта елімізде сақталған басқа асадал түрлеріне ұқсамайды және өзіндік пішіні және ою-өрнектерімен ерекшеленеді. Асадал екі бөліктен тұрады: жүкаяғы және негізгі бөлігі. Асадалдың ашпалы екі есігі және ішкі бөлігінде екі сөресі бар. Асадалдың маңдай тұсы өсімдіктектес оюлармен ойылып, қаз мойын тәріздес өрнектермен өз нақышын тапқан.

Дайындаған Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінің қор сақтаушысы  – Гүлнар Нұртазаева

Бөлісу: