Қашықтықтан оқытуда физикадан зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру

4560
Сурет интернеттен алынды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Жалпы, соңғы жылдарда қашықтан оқыту тәсілі жаһандық үрдіс ретінде қалыптасты. Әлемнің көптеген жоғары оқу орындары бұл әдісті кеңінен қолданып келеді. Мұның артықшылығы да, кемшіл тұстары да бар. Әсіресе қазіргідей карантин жағдайында бұған балама жоқ. Сондықтан алдағы уақытта оны жетілдіре түскен жөн»

деп атап өтті.
Бүгінгі әлемнің дамуының беталысы білім беру жүйесіндегі өзгерістерге бейімделуді талап етеді. Елімізде төтенше жағдай жарияланғаннан кейін оқушыларға білім беру қашықтықтан оқыту форматына көшті.

Қашықтықтан оқыту ақпараттық-коммуникациялық технологияның қарыштап дамуына алып келді. Қашықтықтан оқыту технологиясы – ол оқу процесі кезінде осы заманғы компьютерлерге және телекоммуникациялық технологияларға негізделіп дәстүрлі және инновациялық оқыту әдістерді қолданып білім беру деген ұғым.

Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың 3 түрлі формасы бар:
– онлайн (синхрондық);
– оффлайн (асинхрондық);                                                                                        – кең таралған үшінші түрі вебинар;

Онлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы.

Оффлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта) мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы.

Вебинар дегеніміз – интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренинтер өткізу формасы.

Физика пәнін онлайн режимде оқыту барысында бірнеше интернет платформаларды қолдандым. Атап айтар болсақ, ZOOM, Microsoft Тeams платформалары арқылы физикадан жаңа тақырыптарды онлайн режимде түсіндіруге мүмкіндік берсе, WhatsApp, Google classroom, Kundelik.kz платформалары арқылы оқушылармен кері байланыс жасалып отырды. Сондай-ақ, оқушыларға тақырыпқа сай қосымша видеолар YouTube, DarynOnlain платформаларынан берілді. Оқулықтағы тапсырмалардан бөлек оқушыларға DarynOnlain тапсырмалары және Google Forms – та тест пен қосымша тапсырмалар дайындалды.

Бұл аталаған платформалар қашықтықтан оқыту барысында оқушыларға теориялық білім сіңіруге таптырмас платформалар.
Физикада теориялық біліммен қоса зертханалық және практикалық жұмыстар да маңызды орын алады. Физика сабағында жүйелі түрде зертханалық жұмыс өткізу арқылы оқушылардың білімге қызығуын, ізденісін тудырады.

Оқушы теориялық алған білімін зертханалық жұмыстарда физикалық құрал-жабдықтармен таныса отырып, физикалық құбылыстар мен зерттеу әдістерін толық түсінуге мүмкіндік береді. Қашықтықтан оқыту барысында физиканың арнайы құрал-жабдықтарын алып, өз қолдарымен ұстап жасауға оқушыларда мүмкіндік жоқ, сондықтан осы зертханалық жұмыстарды орындау барысында электрондық зертханалық жұмыстардың жиынтығын қолдандым.

Қашықтықтан оқыту барысында физика пәні бойынша зертханалық жұмыстарды ZOOM, Microsoft Тeams платформалары арқылы орындалды.
ZOOM немесе Microsoft Тeams платформасы барлық сынып оқушылары бірлесе отырып, зертханалық жұмыстың орындалу барысын айтып отырады, соған сай мұғалім құралдарды орналастырып, көрсетеді. Оқушылар сән мәндерін жазып және есептеп, теориялық біліммен ұштастыра отырып, зертханалық жұмыстың қорытындысын дайындап, кері байланысқа шығады.

Қашықтықтан білім алып отырған оқушының электрондық зертханалық жұмыстар арқылы оқуға деген мотивациясын дамытуға, оқу материалдарын игеруге және оқу іс-әрекетін жете ұғынуға талпындыруға болады.

М. А. Дуйсенбаева, Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясының физика пәнінің мұғалімі.

Нұр-Cұлтан қаласы.

Бөлісу: