Қасиетті үш саны

27
Отырардағы көрме.

Қасиетті үш саны. Халықтың ой байламында санның философиялық мәні зор. Қазақ халқының пікір толғамында бір саны – даралықты, жалғыздықты ғана емес, бірегейлікті, үш саны – өмірдегі жарасымдылықты, төрт саны – кеңістік пен шартараптылықты, бес саны – ерлік пен сайма-сайлықты, жеті саны – адамзат пен табиғат арасындағы бір ізді байланыс, олардың терең тамырлығы, әлем сәулеті, қырық саны – имандылық, әдет-ғұрыптық ұғымын берген.  (Ж.Кейкін)

Біз төменде қасиетті үш санына байланысты халық байламын беріп отырмыз.

Үш жұрт

1.Ағайын жұрт. 2. Нағашы жұрт. 3. Қайын жұрт

Үш байлық

Бірінші байлық – денсаулық.

Екінші байлық – ақжаулық.

Үшінші байлық – қорадағы бес саулық.

Үш би

1.Үйсін Төле би. 2.Арғын Қаздауысты Қазыбек би. 3.Алшын Әйтеке би.

Үш қат

1.Жоғары қат (аспан)

2.Орта қат (жер үсті)

3.Төменгі қат (жер асты)

Үш арсыз

1.Ұйқы арсыз. 2. Тамақ арсыз. 3. Күлкі арсыз.

Үш қадірлі

  1. Ырыс. 2. Бақ. 3.Дәулет (Жиренше шешен)

Үш қадірсіз

1.Жастық шақ. 2.Денсаулық. 3.Жақсы жар (әйел)

Үш қуат

1.Асыл қуат. 2.Жүрек қуат. 3.Тіл қуат.

Үш ғайып

1.Ажал ғайып. 2.Қонақ ғайып. 3.Несібе ғайып.

Үш дауасыз

1.Мінез. 2.Кәрілік. 3. Ажал.

Үш жамандық

1Нақақ қан төгу. 2.Кісі малын нақақ алу. 3. Ата-бабадан қалған ескі жұртты бұзу.

Үш тәтті

1.Жан тәтті. 2.Мал тәтті. 3.Жар тәтті.

Үш ақиқат

1.Қыбат –шындық. 2. Арзан – өтірік. 3. Даусыз – кәрілік (Жанқұтты шешен)

Үш тоқтам

1.Ақыл – арқан. 2.Ой – өріс. 3.Адам – қазық.

Үш көз

1.Су анасы – бұлақ.

2.Жол анасы – тұяқ.

3.Сөз анасы – құлақ.

Үш қасиет

1.Өліде – аруақ. 2. Малда – кие. 3.Аста – кепиет.

Үш тағылым

1.Мейірімнен – сауап.

2.Жақсылықтан – шарапат.

Жамандықтан – кесапат.

Үш қуаныш

1.Алғыс алу. 2.Өзіңді көптің іздеуі. 3.Ісіңнің өшпеуі.

Үш биік

1.Билік. 2.Даулет. 3. Даналық.

Үш асыл

1.Көз. 2. Тіл. 3.Көңіл.

Үш артық

1.Адалдық. 2. Еңбексүйгіштік. 3.Өнерпаздық.

Үш ынтық

1.Еркін өмір. 2.Құрметке бөлену. 3.Пайдалы еңбек ету.

Үш тұл

1.Қайратсыз ашу тұл.

2.Тұрлаусыз ғашық тұл.

3.Шәкіртсіз ғалым тұл (Абай).

Үш апат

1.Ғалымдар ме қарттарды сыйламай.

2.Өкіметті сыйламау.

3.Асты ысырап ету.

Үш кедейлік

1.Кежірлік. 2.Еріншектік. 3.Ұйқы (Төле би)

Үш бақытсыздық

1.Жаман ат. 2.Жаман қатын. 3.Жаман көрші.

Қасиетті үш саны.

Тағы да оқыңыздар: 40 Санының қасиеті

Бөлісу: