«Қатты қинал!»: Бекболат Тілеухан тағы бір журналисті қарғады

69

Бекболат Тілеухан «Жас Алаш» газетінің журналисі Тоқтар Жақашты қарғады. Бұл туралы журналист facebook желісіндегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.

Бекболат Тілеухан Тоқтар Жақашқа:

«Сенің айтқаның рас болып, Тұрсынай деген адамның ақысын жесем АЛЛАҺ мені тапсын! Олай болмай, көзің жетпеген нәрсеге жала қылып жапқаның рас болса, АЛЛАҺ сенің жаңынды қуырып, «не болдымға» ұшыратсын! Әмин, әмин, әмин!!!

Қатты қинал! Жалақордың жаны екі дүниенің азабында шырылдасын! Әмин, әмин, әмин!!!» – деп жазыпты.

Мәжіліс депутатының жазған хабарламаларының скриндарын Тоқтар Жақаш жазбасында жариялады.

Бұған дейін Тоқтар Жақаш өз парақшасында Тұрсынай есімді келіншектің Бекболат Тілеуханның үйінде қызметші болып жұмыс істегенін жазды. Алайда журналистің айтуынша, Бекболат Тілеухан оның ақысын жеген екен.

Бөлісу: