Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды dasturkb.kz.

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 17-ракеткасы, латвиялық Елена Остапенкодан басым түсті. Есеп – 6:2, 6:4.

Қарсыластар бұған дейін екі мәрте кездесіп, екеуінде де латвиялық спортшы басым түскен еді.

Айта кетейік, Елена финалға шығу үшін әлемнің 3-ракеткасы, америкалық Джессика Пегула немесе кезінде дүниежүзілік рейтингте көш бастаған, қазір 24-орында тұрған Беларусь өкілі Виктория Азаренконың біреуімен таласады.

Бөлісу: