Қазақстан жолдарының бойында көпфункционалды 35 кешен бой көтереді

33

Қазақстан жолдарының бойында қызмет көрсететін көпфункционалды 35 кешен бой көтереді, деп хабарлайды Дәстүр сайты.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде «QazAvtoJol» ҰК» АҚ мен «Compass» ЖҚС компаниясы арасында жол бойындағы қызметті дамыту саласындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойылды.

«Құжат республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында қызмет көрсететін заманауи 35 кешеннің құрылысын қарастырады. Кешен жанармай құю станциясы, ауыр жүкті тасығыш көліктер мен автобустарға арналған кең паркинг алаңы, 80 орынға лайықталған фуд-корт, тауарлар мен автобұйымдардың кең ассортименті ұсынылған Express Market-пен жабдықталатын болады. Жоба 4200 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтымақ. Инвестициялардың жалпы мөлшері 30 млрд теңгені құрайды.

Әлемдік үздік тәжірибені қолдана отырып, қазақстандық «Compas» бренді көпфункционалды қызмет саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Қызылорда қалаларында 11 кешенді тұрғызды.

Министрлік пен ұлттық оператор өз тарапынан жол бойында қызмет көрсететін аталмыш нысандардың құрылысын жүргізуде, олардың алаңдарына одан әрі қызмет көрсетуде қолдау танытуға дайын», – делінген министрлік ақпаратында.

Жалпы алғанда, Мемлекет басшысының жолдауын іске асыру аясында биылғы 1 қыркүйектен бастап 2025 жылға дейін жол бойындағы қызмет көрсету объектілері бүкіл республикалық автомобиль жолдары желісі бойынша ұзындығы 24 мың км болатын аумақта халықаралық стандарттарға сәйкес келетін болады.

Бұл жұмыс жергілікті атқарушы органдармен және кәсіпкерлермен бірлесіп жүзеге асырылады.

Бөлісу: