Мына оқиға былтыр желтоқсанда болған екен. Қазақтың дарынды ақын қыздарының бірі Назгүл Кәрімованың парақшасынан оқыдым. Оқыдым да, таңқалдым. Алматының іргесіндегі Абай ауылында ұлты Балқар апамызбен ұзақ жылдар көрші тұрдық. Ол кісі қазақшаны қазақтардан кем білмейтін. Өте мейірімді, әдемі кісі еді. Кездесе қалсақ, өз шешеңдей айналып- толғанып отыратын. Бар «жылы-жұмсағын» аузымызға тосатын. Міне, сол кісінің елі, ағайындары ғой. Қалай риза болмайсың, қалай толқымайсың.Осындайда Мұстафа Шоқайдың:
«Жаман ұлттар жоқ, жаман адамдар бар, мейірімді мемлекеттер жоқ, мейірімді адамдар бар» дегені еске түседі. Бар болыңдар, алыстағы балқар бауырлар! Бізде Сіздерді жақсы көреміз!
Қазақтардың бүгінгі ұрпағы осындай құрмет пен махаббатқа лайық болайық! Бұл құрмет кешегі қиын-қыстау күндері алыстан арып-ашып жеткен бауырларға бар мейірімін төккен аяулы ата-әжелеріміздің ерекше болмыс-бітімдеріне көрсетілген үлкен ерлік екендігін естен шығармайық!
Ал Мәскеуде бірнеше мыңдаған кавказдықтар Никоновтың үйін қоршап алған. Сол себепті, Дума депутаты отбасымен бірге қаладан тыс эвакуацияланған көрінеді.
Ресей депутаты Вячеслав Никоновтың Қазақстан жеріне қатысты жасаған мәлімдемесінен кейін Ресейдің Нальчик қаласына ішкі әскерлер мен росгвардияны енгізуіне тура келді, деп хабарлады Дәстүр сайты paryz.kz порталына сілтеме жасап.
Өйткені, әлеуметтік желілерде Балқар тұрғындарының бауырлас қазақ халқының намысы үшін көшеге шыққаны айтылуда. Бейресми дереккөз кейін Нальчикте 12 адам көз жұмған деген ақпарат таратты.
Ал Мәскеуде бірнеше мыңдаған кавказдықтар Никоновтың үйін қоршап алған. Сол себепті, Дума депутаты отбасымен бірге қаладан тыс эвакуацияланған көрінеді.
Путин Нальчик қаласына Ресей гвардиясының басшысы Золотов пен ІІМ басшысы Колокольцевті де жіберді. РБК басылымының хабарлауынша, сондай-ақ, Қазақстан елшісі Нальчиктен де елшілік ашуға уәде берген.
«Тұрған жерлерінің алыстығына қарамастан, балқарлардың жүрегі Ердоғанмен, Мәскеумен немесе Анкарамен бірге соқпайды. Олар – қазақтармен бірге» , – дейді журналист Алексей Венекдиков.