«Баспана мәселесі «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен ғана шешілмейді»

Кәсіпкер өз жұмысшыларына арнап ауылда үй салса, мемлекет оған кеткен шығынның 50 пайызына дейін қайтаратын болады. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп жазады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

«Жалпы ауылдық жерде үй салу баспана мәселесін ғана шешпейді. Мұндай жұмыс экономикалық белсенділікті арттруға және тұрмыс сапасын жақсартуға септігін тигізетіні сөзсіз. Сондықтан мемлекет барынша қолдау көрсетуі тиіс.

Баспана мәселесі «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен ғана шешілмейді. Бұл іске әлеуметтік жауапкершілігі бар жұмыс берушілерді жұмылдыру керек.

Кәсіпкер өз жұмысшыларына арнап ауылда үй салса, мемлекет оған кеткен шығынның 50 пайызына дейін қайтаратын болады. Бұл қай жағынан алып қарасақ та, бәріне пайдалы», – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бөлісу: