Дүниежүзі халқының тілдік әулеттері мен топтары

Сабақтың тақырыбы:
Дүниежүзі халқының тілдік әулеттері мен топтары

Пәні: 7 сыныпқа арналған география

Сабақтың негізделген оқыту мақсаты:
Дүниежүзі халықтарының этнолингвистикалық жіктелінуін түсіндіру.

Сабақтың барысы:
— Оқушылар осы тақырыпқа берілген тапсырмаларды орындайды.
— Тақырыпты меңгереді. Оқушылардың көпшілігі тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып, оқулықтан тыс ресурстарды қоса алады.
— Бағалау критерийінің жақсы жолға қойылуына байланысты оқушылар жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай отырып, сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аударады.
— Оқушылар сабақта оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер сияқты ресурстарды қолданып, сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік әдіс-тәсілдерін орындайды.

Пәнаралық байланыс ретінде музыка, қазақ тілі, тарих пәндері қарастырылған.
— Жоспарланған уақыттың аясында сабақты көп тараған тілдерде амандасудан бастаймыз.
Сосын оқушылар ірі тілдік әулеттері бойынша топтарға бөлінеді.
Олар:
1топ: Үндіеуропа тіл әулеті;
2 топ: Алтай тіл әулеті;
3 топ: Афразиялық тіл әулеті;
Сабақ барысында оқушылардың психологиялық ахуалын қалыптастыру үшін:
— Көңіл-күйлерін сұрап отырамыз.
— «Қағып ал да, жауап бер» әдісі бойынша қызықты етіп үй тапсырмасын сұраймыз. Бұл баланың есте сақтау қабілетін арттырады.
— Білу және түсіну; Бейнеролик «Азия халқының тілдік құрамы
— Жалпыға арналған тапсырма:
Бағалау критерийлері: — — — — Оқулықты пайдалана отырып мына ұғымдардың мағынасын ашу:
1. Этнос… (халық)
2. Тіл … (тіл адамдардың қарым-қатынасының,
мәлімет сақтау және оны берудің маңызды туралы)
3. Билингвизм……(қостілділік немесе билингвизм-көп ұлтты елдерде кездесетін құбылыс)
4. Лингва франка…
(түрлі ұлт өкілдерінің қарым-қатынас жасауына қызмет ететін кез келген тілді «лингва франка» деп атайды)
5.Тіл семьялары…
(өте ұқсас тілдер топтарға немесе қосалқы топтарға біріктіріледі)
6. Дүниежүзінің ірі ұлттары мен кең таралған тілдерді анықтай алады және кескін картада белгілейді.
7. Негізгі тіл топтары мен оған кіретін топтар мен халықтарды сипаттап, картадан көрсете алады.
Дескриптор:
— терминдік түсініктемелерді ажыратады;
— дүниежүзі бойынша кең тараған тілдерді анықтай алады;
— олардың таралуын аймақтарын картадан көрсете алады.

Топтық жұмыс:
1 топ: «Фишбон» әдісі; (үштілділік)
2-топ: «SWOT» әдісі, мемлекеттік тіл мәртебесі;
3-топ: «Кесте толтыру» дүние жүзінің тілдік құрамы;
Дескриптор:
-Қосымша ақпаратты пайдаланады;
— дүниежүзі халықтарының этнолингвистикалық құрамын жіктейді;
ҚБ: Медальдар мен миссиялар

Кері байланыс:
— «Үш минуттық үзіліс»
 Мен__ деген өзімнің көзқарасымды өзгерттім.
 Мен__________туралы көп білдім.
 Мен соның ішінде_______ таң қалдым.
 Мен_____________сезіндім.
 Мен__________қарадым.

Үйге тапсырма:
Әр бала топқа бөлінген кезде халық туралы қысқаша мәлімет жинау, кескін картамен жұмыс жүргізу;

Кәмшат Сеил, география пәнінің мұғалімі. 
Нұр- Сұлтан қаласы, Міржақып Дулатұлы атындағы 68-ші мектеп-гимназиясы.

Бөлісу: