Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Дәстүр elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында тараптар бір-бірін алдағы Наурыз мерекесімен құттықтап, дәстүрлі түрде стратегиялық серіктестік, тату көршілік және екі бауырлас халықтың достығы рухында дамып келе жатқан Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қатынастардың деңгейін жоғары бағалады.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёев өңірлік күн тәртібінің қазіргі аспектілерін, сондай-ақ алдағы халықаралық іс-шаралардың кестесін талқылады.

Телефон арқылы сөйлесуге өзбек тарапы бастамашы болды.

Бөлісу: