First Lego League халықаралық байқауы бастау алды

Адамзат автоматтандырудың жаңа дәуіріне сенімді түрде енуде. Бүгінгі таңда болашақ туралы фильмдер енді соншалықты мүмкін емес болып көрінбейді, өйткені прогресс тоқтаусыз дамып келеді. Робототехника ғалымдар да, инженерлер де ерекше назар аударатын ең озық бағыттардың біріне айналды, – деп хабарлайды Дәстүр. Әрине, бұл сала қазіргі жастар үшін қызықты әрі маңызды.

IT саласында жүзеге асырудың көптеген мүмкіндіктері бар, мысалы, әлемнің 80-нен астам елінде жұмыс істейтін First Lego League халықаралық байқауы.  Ол 10-16 жас аралығындағы жасөспірімдердің ғылым мен техникаға деген қызығушылығын дамыту және ынталандыруға бағытталған. Осыған орай, Қазақстандық оқушылар роботтар ойыны, social media, инновациялық жоба және де құндылықтарды сақтау бойынша бағаланады.

Чемпионатқа көптеген командалар қатысуда. Қызықты жобалардың бірін «AZ» командасы ұсынды. Олардың жұмысы төрешілердің жоғары бағасына ие болды.

Қазіргі таңда «AZ» командасы  робототехника бойынша республикалық турнирге өтті. Топта 15 жастан 16 жасқа дейінгі 7 қыз бар. Біз жас қатысушыларға жаңа жарысқа қалай дайындалатыны туралы бірнеше сұрақтар қойдық:

  1. Бұл жобаға қатысуларыңыздың негізгі себебі неде?

Біздің мақсатымыз — тәжірибе жинау және болашақта үйренген дағдыларды дұрыс бағытта пайдалану. Біз заманауи цифрлық технологияларды болашақта дамыту үшін еліміздің робототехника саласына үлес қосқымыз келеді.

  1. Өз жобаңыз туралы айтып берсеңіздер. Бұл қандай робот?

Бұл белгілі бір тапсырмаларды бірнеше уақыт ішінде орындайтын бірегей данасы. Ол бірден бірнеше тапсырманы орындай алады және осылайша бірден бірнеше процестерді жеңілдетеді. Сонымен қатар, біз жаһандық проблеманы анықтау және шешу бойынша инновациялық жобаны дамытып жатырмыз.

  1. Қазіргі әлемде робототехника қаншалықты маңызды деп ойлайсыздар?

Біз робототехника қазіргі қоғамда маңызды рөл атқарады деп санаймыз, өйткені роботтардың көмегімен адамдардың өмір сүру жағдайларын едәуір жақсартуға болады. Күн сайын сұранысқа ие болады, өйткені олар күнделікті пайда әкеледі және сонымен бірге уақытты үнемдеуге көмектеседі. Бүгінгі таңда инновациялық техниканың медицинада дәрі-дәрмектерді өндіру үшін де, күрделі хирургиялық операцияларды жүзеге асыру үшін де белсенді қолданылуы өте маңызды. Сондай-ақ роботтардың көмегімен көптеген өндірістік тапсырмаларды толығымен автоматтандыруға қол жеткізілді, бұл адамдардың жұмысын жеңілдетті.

Бөлісу: