Инклюзивті білім беру – өмір қажеттілігі

4136

Бала кемістігінің даму деңгейі неғұрлым төмен болса,

соғырлым мұғалімнің білім деңгейі жоғары болу керек.

П.Шуман.

          Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз – барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.Инкюзивті білім беру бағдарламасы шет елдерде 1970 жылдан бастау алса, 1990 жылдары АҚШ пен Европада білім үрдісіне толық еңгізілген. Ал, біздің елімізде 2010 жылдардан бастап қолға алынды.

          Осы саясат барысында 2017 жылы Москва қаласында «Иклюзивті білім беру – білім орталықтарында» тақырыбы бойынша инклюзивті курстан өтіп, мектебімде арнайы қажеттіліктері бар оқушылармен жұмысты бастадық. 2018 жылы «Дара» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен «Инклюзивті білім барлығы үшін: практикалық тәжірибе» атты семинарға қатысып, іс – тәжірибемен алмастық.

АҚШ-тан арнайы инклюзивті білім бойынша сарапшылар келіп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Американдық инклюзивті білім бойынша сарапшы К.Квирк 22 қаңтар күні біздің мектепке келді. Мектепке келу барысында ерекше білім беруді қажет ететін сынып оқушыларының мұғалімдерімен және ата-аналарымен кездесу өткізді.

Нұр-Сұлтан қаласы Міржақып Дулатұлы атындағы №68  мектеп-гимназиясында  ерекше білім алуды қажет ететін оқушыларға арналған  Инклюзивті білім берудің Ресурстық орталығы үш жылдан бері жұмыс жасауда. Бұл орталықтың ашылуына себеп болған  ерекше білім алуды қажет ететін балалардың мектеп қабырғасына келулері.

Мектеп бойынша 7 инклюзив сынып бар. Ресурс орталығының қызметкерлерінің көмегін ерекше білім алуды қажет ететін 5 оқушы және теңестіру сыныптары мен педагогикалық–медициналық-психологиялық тексерістың нәтижесінде анықтамасы бар 13 оқушы пайдалануда. Олардың аңғарымдары әртүрлі. Осы оқушылардың барлығына қажетті арнайы компенсаторлық құрал-жабдықтар «Дара» қорының көмегімен алынды.

Ресурс орталығының мамандары жүргізген диагностикасы бойынша бұл оқушыларға арналған жеке дамыту бағдардарламасы құрастырылды. Қазіргі таңда осы оқушылармен  логопед, дефектолог және психолог жұмыс жасауда.

Нәтижесінде осы оқушылар өз бетімен отыруға,мектептегі және мектептен тыс іс-шараларға белсене қатысады.

Білім деңгейі қанағаттанарлық, негізгі пәндерден үлгеру деңгейлері орташа дәрежеде. Оқу пәндері қанағаттанарлық. Ауызша пәндерден өз деңгейінде жауап беруі жақсы, сұрақтарды түсінгенінше жауап береді. Осындай ерекше оқушыларды сынып оқушыларымен олардың ата-аналары түсіністік қарап, ыңғайлы орта қалыптастырылған.

Инклюзивті сыныпқа сабақ беретін сынып жетекшілер мен пән мұғалімдеріне Гайшагуль Сауытқановна арнайы семинар жүргізіп, қандайда бір қиындық туғызады деген сабақтарға арнайы бағдарлама құру мақсатында сабаққа қатыстық.

Былтырғы оқу жылында инклюзив сыныптар арасындағы оқушыларың қабілеттерін ескере отырып,  қол өнер көрмесі ұйымдастырылды. Қызығушылықтары өте жоғары.

    Демалыс кезінде оқушыларды әлеументтендіру мақсатында сыныптан тыс тәрбие сағаттарына және мектептен тыс –іс шаралар,қоғамдық ұйымдарға ата-ана,мұғалім,оқушыны қатыстырып отырамыз. Сондай іс-шаралардың мақсаты оқушыны жасқандырмай жалпы ортаға бейімдеу.

Сәуір айында Елімізде төтенше жағдайлардың орын алуына байланысты қашықтықтан оқытуға көшірілді.

IV тоқсан оқу жоспары бойынша үй тапсырмалары өз денгейінде жүргізілді.Қашықтықтан оқыту кезінде үйден оқитын үш оқушыға мектеп тарапынан  компьютермен және интернетпен қамтамасыз етті. Марат Рақым Жоламанұлы 4 сынып, Төлеу Айбек Қойшыбайұлы 2 сынып, Лекай Зейнеп 1сынып. Бұл оқушыларға сабақ беретін мұғалімдер тиісті тапсырмаларын ватсап желісі арқылы жұмыс жүргізуде.Қашықтықтан оқыту кезіндегі тапсырмалар жүйеленіп баланың деңгейіне қарай жүргізіледі.Тапсырманы орындалу уақытына шектеу болмайды. Үйден оқитын оқушыларға сабақ беретін  мұғалімдері  Құлманова Л.Ж.  Калиаскарова Г.М. Ержан Р.К.

Мамыр айында қашықтықтан оқыту кезінде жүргізілген мерекелік іс-шараға теңестіру сыныптары мен үйден оқитын оқушылар белсене қатыстып мақтау қағазымен марапатталды.

Үстіміздегі оқу жылында бұл оқушылар кезекші сыныптарда мүмкіндігінше білім алуда, арнайы мамандар жұмыс жасап жатыр. Пән мұғалімдерінің  оқушылармен жұмысы  мектеп әкімшілігі тарапынан үнемі байланыста.

Келешекте ата-аналарымен, арнайы мамандар сабағынының көмегінінің баланың дамуына зор үлес қосатынын айтып түсндіру. Арнайы мамандармен пән мұғалімдерінің байланыстарын нығайту. Инклюзивті білім берудің деңгейін көтеру мақсатында, мұғалімдерді арнайы курстардан өткізу, мектепте оқу семинарларын, шеберлік сыныптарын өткізуді жоспарлау. Қорыта айтқанда, қазіргі уақытта әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие, сапалы білім беріп, ұлы данышпан Абай Құнанбаев айқанындай дүниенің кірпіші болып қалануы бүгінгі  өмір талабы.

А.С. Молдаханова, Нұр- Сұлтан қаласы Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназиясы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

Бөлісу: