Иткөйлекті кім киген?

6602
Фото: Салт-дәстүр орталығы

Баланың қырық күн ішінде киген көйлегінің бірін иткөйлек не итжейде деп атаған.

Сәбиді қырқынан шығарған күні оның ішіне әр түрлі тәттілір – өрік-мейіз, қауынқақ, ірімшік, құрт, бауырсақ салып түйіп, ауылдың бір итінің мойнына байлап жіберетін болған. Балалар әлгі тәттілерді алып жемек болып итті қуалаған.

Ит болса артынан шулап, қаумалап қуған балалардан сескеніп қашып, басын тығар жер таппай әуреге түседі. Мұны көрген ауыл адамдары балалардың ойынын тамашалап, қызыққа кенеліп, мәре-сәре болысқан.

Ақыры, итті ұстаған балалар иткөйлекті шешіп алып ішіндегі тәттілерді алып, бөлісіп жеген. Кейбірде, осы ауылдың көптен бері бала көтере алмай жүрген әйелі бар болса, сол әлгі иткөйлекті ырым көріп, балаларға кәдесін беріп айырбастап алатын болған.

Салт-дәстүр Орталығы.

Шымкент қаласы.

Бөлісу: