1. Адам денесінің әлсіздігінен ұйқы қашып, қарадай шаршаған кезде тауықтың 3-4 айлық балапанын сойып, етін асып жейді, сорпасын ішеді. Бұл адам ағзасына алғашқы күннің өзінде әжептәуір жеңілдік әкеледі.
  2. Тауық жұмыртқасының ішкі жұқа қабатын алып, кептіріп талқандайды. Осы ұнтақтың 3 граммын 150 грамм суға қайнатып жылыдай ішеді. Осыдан жарты сағат өткенде 1 литр қайнаған айран ішіп жатса тәтті ұйқыға батасыз.
  3. Кептірілген құлмақ гүлінен 1 кг-ды жұмсақ шүберектен тігілген дорбаға салып, күнделікті ұйқы кезіндегі жастық орнына пайдаланса, ұйқы шақырып адамның жақсы тынығуына ықпал жасайды.
  4. Құяң ауруының жүйкеге тиіп, ұйқысыздыққа әкеліп тірейтін кездері болады. Осындай кезде су жағасында өсетін қазанақ шөбі мен биік тауларда өсетін гүлбуыннан 200 г алып 2 литр суға 3 минут ақырын қайнатады. Бір сағат бұқтырады. Осы суды кешке шомылатын астаудағы суға қосады. Судың жылылығы 39-40 градус болса жеткілікті. Осы суда 20-25 минут жатып шомылады. Осындай әдісті күнара қайталап он рет қабылдаса, денедегі суықты ығыстырып, жүйкені тыныштандырады. Сол арқылы ұйқының бұзылмауына әсер етеді.
  5. Қайнатылып жылыған бір стақан сүтке бір қасық бал араластырып, кешкі ұйқы алдында түгел ішіп жатады. Сүт жоқ болған жағдайда қайнаған суға да істеуге болады. Бұл әдіс өзінің қарапайымдылығымен әрі ішектерге пайдалылығымен ерекшеленеді.
  6. Жарты литр кагор шарабына 50 г.аскөк тұқымын ұнтақтап салып, 20 минут ақырын қайнатады. Бір сағат бұқтырылған соң жатарда 50 г.ішіп жатады.
  7. 2 тал лавр жапырағын жатар бөлмеде тарелкаға салып тұтатып жағады. Есік, терезені жабады. Лавр түтінімен дем алған жағдайда адам тез ұйықтап кетеді.
  8. Ұйқы шақыру үшін 3 шай қасық балға бір шай қасық лимон шырынын қосып жатарда ішіп жатады.
Бөлісу: