Коронавируспен ауырған әр екінші адамның жүйке жүйесі сыр беретін көрінеді

Қазақстанда 29 қазан күні 392 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны ПТР арқылы анықталды, деп хабарлайлы «Дәстүр» coronavirus2020.kz.  сілтеме  жасап.

Дерттің таралуы бойынша көшті өткен тәулікте Шығыс Қазақстан облысы бастаған екен. ШҚО 205 адам коронавирус жұқтырған. Өзге аймақтар бойынша дертті жұқтырғандардың көрсеткіші төмендегідей: Нұр-Сұлтан қаласы — 27 Алматы қаласы — 18 Шымкент қаласы — 1 Ақмола облысы — 20 Ақтөбе облысы — 12 Алматы облысы — 19 Атырау облысы — 12 Жамбыл облысы — 3 Батыс Қазақстан облысы — 8 Қарағанды облысы — 10 Қостанай облысы — 8 Қызылорда облысы — 3 Маңғыстау облысы — 1 Павлодар облысы — 23 Солтүстік Қазақстан облысы — 17 Түркістан облысы — 5

Шығыс Қазақстан облысы Санитарық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтына сілтеме жасаған Нұр кз. аймақтағы карантиндік шараларды күшейту туралы қаулы шығып, оған сәйкес, 1 қарашадан бастап 13 блок-бекет қойылатынын жазған болатын.  Отандық ғалымдар коронавируспен ауырған әр екінші адамның жүйке жүйесі сыр беретінін айтып, дабыл қаққаны туралы да осы сайтта жызылған екен.

Бөлісу: