«Қыздың бар бақыты – қолаң шашында.  Ал қазақ қыздары мен аналарының ең сұлуы менің әріптестерім.  Ең ғажабы менің сұлу да, сымбатты әріптестерімнің шашы ұзын екенін байқап отырған боларсыздар», – дейді  Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің басшысы Рашида Ерімқызы.

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің этнография залындағы этнографиялық материалдар қазақ халқының сан ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмысы мен дүниетанымдық көзқарастарынан, бай рухани және материалдық мәдениетінен сыр шертеді. Экспозициядан тұрмыстық және халықтық қолданбалы өнері бұйымдарын, сонымен қатар қазақ халқының киім-кешектері мен кілем тоқу өнерін, ұстаның көрігін, «Қазақ халқының көші» панорамасын көріп тамашалауға болады. Залдың орталық алаңына қазақ мәдениетінің бірегей символы – киіз үй орналастырылған.

Фотолар Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінікі.

Бөлісу: