2023 жылға қарай мұғалімдер жалақысы тағы 25%-ға өседі. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Мәжілісте Nur Otan партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен онлайн форматта өтіп жатқан фракцияның кеңейтілген отырысында айтты.
«2025 жылы ауыл мектептері интернетпен, компьютерлермен және оқу процесін ұйымдастыруға қажетті басқа да жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Педагогтардың жалақысы 2023 жылға қарай екі есеге, яғни 330 мың теңгеден артады. Орташа жалақы жыл сайын кемінде 25 пайызға өседі», — деді Асқар Мамин.
Сондай-ақ 2023 жылға қарай білім беру жүйесі білікті мұғалімдермен 100% қамтылады.