Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Көрісу күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Көрісу күнімен құттықтады деп хабарлайды Dastur.kz сайты.

Құттықтау жазбасы президенттің Twitter-аккаунтында жария болды.

«Баршаңызды бүгінгі Көрісу күнімен құттықтаймын! Ежелден келе жатқан ата салтымыз бойынша жастар осы күні үлкендерге сәлем беріп, батасын алады. Жұрт бір-біріне ақ тілектерін арнайды. Бұл — нағыз береке-бірлік пен ырыс-ынтымақтың мейрамы», – деп жазған Мемлекет басшысы.

 

 

Бөлісу: