Мемлекет басшысы Семейге барды

38

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Семейге жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлі Facebook-тегі парақшасында жазды.

Сапар барысында Президент «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішінің ашылу салтанатына қатысып, Абайдың «Жиделі-Бөрібай» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайын аралап көреді.

Сонымен қатар, «Қарағайлы» ықшам ауданындағы құрылыс жұмыстарымен танысады.

Бұдан бөлек ақынның сирек кітаптар қорының көрмесін тамашалап, «Абай әлемі» сериясымен шыққан кітаптарды көріп, абайтанушы ғалымдармен кездеседі.

Қасым-Жомарт Тоқаев сапар соңында Жидебайға барып, «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені мен ақынның мұражай-үйінің тыныс-тіршілігімен танысады.

🔹 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семейге жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Президент «Ұлы ақын Абай…

Опубликовано Беріком Уәли Среда, 14 октября 2020 г.

Бөлісу: