Әлемде музыкасыз ұлт жоқ. Музыка барлық адамзатқа ортақ.Музыканың құдіретін ұлы Абай Құнанбаев «Құлақтан кіріп бойды алар ,әсем әнмен тәтті күй» -дегендей , музыканың сезім мүшелеріне әсер етіп , барлық ағзамызға әсерін әсем ән мен тәтті күй арқылы әдемі суреттеп берген. Ұлы Абай музыканың құдіретін , оның емдік қасиетін сол кезде көрсете білген. Ал Әл-Фараби бабамыздың бұл мұрасы педагогикалық жағынан да , психологиялық жағынан да көптеген зерттеулерге негіз болатыны айқын.
Музыка арқылы балаға психологиялық әсер етуде үш түрлі
сипатта қолдану керек:
- Тыныштандыратын әуен
- Жігерлілік тудыратын әуен
- Босаңсытуға арналған әуен
Психологтардың айтуы бойынша , музыканың күші баланың физикалық және психологиялық дамуын нығайтады. Ал әр түрлі музыкалық терапияның әдіс –тәсілдерін ойынмен байланыстырып және психотерапевтік техникаларды қолданса әсері жоғарлайды.
Сонымен қатар классикалық музыкамен қатар музыкалық терапия жүргізу барсында музыкалық аспаптарды да қолдану арқылы адамның дене мүшесіне және мінез-құлқына әсер етуге болады екен…
- Флейта –адамның ми құрылысына
- Кларнет-оң жақ ми құрылысына ( эмоционалдық ,логикадан тыс қабылдау)
- Арфа-жүрек қан тамырларының жұмысына көмектеседі , тыныштандырады.
- Скрипка-рухани дамуына септігін тигізеді.
- Ұрмалы аспаптар-күш-қуат береді.
Қазіргі кезде музыкалық психология және психотерапия адам ағзасына ең тиімді әдіс болып табылады. Музыкалық терапияны пән мұғалімі ретінде 5,6 сынып оқушылармен релаксация түрінде пайдаланамын. Себебі жасөспірім бала тез эмоциялық депрессияға ұшырап , шыға алмай жатады. Музыкалық терапияның ең негізгі мақсаты –уайым,қобалжу ,түңілу сынды теріс сезімдерді санадан шығарып жіберу ,яғни оқушылардың бойына жағымды эмоцияларды еңгізу.
Самал Шабкенова, «Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназия» КММ Музыка пәнінің мұғалімі.
Нұр-Сұлтан қаласы.