Нұр-Сұлтанда «Інжу-маржан» атты дәстүрлі музыка кеші өтті

34

Елордада 2020 жылдың 15 қазанында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының «Інжу-маржан» дәстүрлі маусымашар кеші өтті.

Ғасырлар бойы сақталып келе жатқан халықтың музыка мұрасы насихатталып, қазақ жанының ғасырлар көшінде шаң баспаған сырлы айнасына айналған әндері шырқалып, музыкасы ойнады.

Қазақтың жаны мен бітім болмысынан жаралған өнер кешінде Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі – Майра Мұхамедқызы, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері – Алтынай Жорабаева, Айгүл Қосанова, Мәдениет саласының үздігі – Секен Сыздық, Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары – Айнұр Қонысбаева, Перизат Тұрарова, Жақсыгелді Маясаров, Сәулежан Тағзия, Өзгеріс Шерікбай, Нұржан Мейрхан сынды өнер иелерімен бірге «Қорқыт» этно ансамблі мен “Шалқыма” халық би ансамблі қатысып, өз өнерлерін көрсетті.

Халқымыздың баға жеткісіз мол музыкалық мұрасында өзіндік қолтаңбалары бар өнер иелерімен бірге кешті тамашалаған көрермендерге алғыс білдіреміз!

Бөлісу: