«Реал» өз алаңында «Шахтердан» ұтылды

78

Футболдан Чемпиондар лигасы топтық кезеңіндегі кезекті ойындар аяқталды, деп хабарлайды «Дәстүр» сайты.

«В» тобындағы Мадридтік «Реал Мадрид» өз алаңында өткен кездесуде донецкілік «Шахтерден» жеңіліп қалды. Кездесудің 29-минутында украиналық команданың футболшысы Тете есеп ашты. Ойынның бірінші бөлігінде «Реал» қақпасына 3 гол соғылды. Екінші таймда мадридтік клуб тың командаға тың өзгерістер енгізді. Соның арқасында екі гол салды. Гол салғандар Модрич пен Жуниор.

«А» тобында Германияның «Зальцбург» командасы мен Ресейдің «Локомотиві» сынға түсті. Екі команда да тең тарқасты. Есеп: 2:2.

Мюнхендік «Бавария» болса өз алаңында сәтті ойын көрсетіп, Мадридтің тағы бір командасы «Атлетиконы» 4:0 есебімен жеңді.

«Манчестер Сити» өз алаңында «Портуға» қарсы сенімді ойын көрсетті. Есеп 3:1.

Бөлісу: