«Рухани жаңғыру: Алаш және азаттық идеясының сабақтастығы!»

4219

Сабақтың тақырыбы: «Рухани жаңғыру: Алаш және азаттық идеясының сабақтастығы!» зияткерлік сайысы

Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына арналады

Мақсаты:

1.Оқушылардың алған білімдерін тереңдету, өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау
2. Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру, логикалық ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту
3. Ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу, ізденімпаздыққа баулу, ұтқыр ойға ұтымды жауап беруге дағдыландыру
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ой бөлісу

Сабақтың түрі: Онлаин танымдық сабақ
Көрнекілік: АКТ, суреттер,сызбалар, қанатты сөздер, видероликтер
Сабақтың барысы:  

I -кезең: « Кім жүйрік»
II-кезең: «Ойлан тап,бірлес»
III-кезең: Ұлт мүддесі жолында
IV-кезең: «Ұрпақтар сабақтастығы»

Кіріспе:
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет.
Білімді, әрі білікті жас жеткіншек.

Бейнежазба Әлихан Бөкейханов-тарихи тұлға

I -кезең «Кім жүйрік»
1. Қазақ газеті қай жылдар аралығында шығып тұрды? (1913-1918жж.)

  1. Алаш партиясы қай жылы, қай айда құрылды? (1917 жылы,шілде)
  2. Семей қаласы неше пайызбен Алаш партиясының ордасы атанды? (85,6%)
  3. Әлихан Бөкейхановтың бүркеншік есімдері? («Қыр баласы», «Ә.Н.», «V», «Арыс ұлы», «Түрік баласы» т.б.)
  4. Алаштың тұңғыш адвокаты (заңгері) кім? (Жақып Ақбаев)
  5. Әлихан Бөкейханов 1890-1894 жылдары қай оқу орнын тамамдаған?/Санкт-Петербургтегі Орман шаруашылығы институты,экономика факультеті
  6. Алаш партиясы бағдарламасының жобасы қай баспада жарияланды? (Қазақ газеті)
  7. Алашорда үкіметі қай жылы, қай күні құрылды? (1917 жылы 13 желтоқсанда)
  8. Қарқаралы петициясы неше тармақтан тұрады?
    10. Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын дәріптеуде Семейде тұңғыш 1914жылы конференция ұйымдастыруды Әлихан Бөкейханов кімдерге тапсырды?/Құлжановтар отбасына/
    11. Міржақып Дулатұлының «Ұлт манифесі» атанған жыр жинағы?  (Оян,қазақ!)
  9. Әлихан Бөкейхановтың өмір сүрген жылдары. (1866-1937жж)
  10. 1917-1927 жылдар аралығында Алаш қаласы атанған көне қала (Семей)
  11. Қарқаралы петициясы қай жылы шықты?(1905ж)
  12. 1918 жылдың алғашқы жартысында Кеңес билігі платформасында мығым тұрған «Алашқа»қарсы белсенді күрес жүргізген партия? («Үш Жүз» партиясы)
  13. «Алаш» партиясы ұранының авторы /Сұлтанмахмұт Торайғыров/

 

II –кезең «Ойлан тап, бірлес!» 

Бейнежазба Әлихан Бөкейханов туралы замандастары жазған ойлары

1-сұрақ               Ол 1900-1933 жылдары өмір сүрген, көрнекті мемлекет қайраткері, жазушы, публицист, әдебиет сыншысы,экономист. Ол небәрі 33 жыл өмір сүріп-ақ, өзін мемлекет қайраткері, жастардың жетекшісі, Қазақстандағы кооперативтік қозғалыстың ұйымдастырушысы, қазақ театрын құрушы ретінде көрсете білді. (Смағұл Садуақасов)

2-сұрақ  мына өлеңнің авторы кім?

Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын,

Ұранға «Алаш» деген атты аламын

Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ,

Мен неге қазақтықтан сақтанамын?

(Сұлтанмахмұт Торайғыров)

 3-сұрақ. Ол 1879 жылы Жетісу облысына қарасты Мақаншы ауылында дүниеге келген.1907жылы II Мемлекеттік Думаға Жетісу губерниясынан депутат болып сайланған. Мамания мектебінің түлегі.Қазақтың тұңғыш инженері, Санкт-Петербург транспорт институтын Алтын медальмен тәмамдаған белгілі қоғам қайраткері және бар өмірін халқының азаттығы үшін арнады? Англияда Ұлы Даулет Профессор химик Оксфорд университетінде ұзақ жылдар қызмет атқарған. (Мұхаметжан Тынышпайұлы)

4-сұрақ   Ол «Қазақ»газетін ұйымдастырушы, Көкжал Барақтың ұрпағы,1897жылы Щербина экседициясына қатысып, Жер мәселесін көтерген, сол үшін қудалауға түскен, Конституциялық-демократиялық партия мүшесі,1906 жылы Ресейдің Думасына депутат, Астрономия, Геология оқулықтарын тұңғыш қазақ тіліне аударған, Тұңғыш Абайтанушы «Мұхтаржан, Абайды жаз Ұрпақ үшін» деген өсиетін қалдырған  /Әлихан Бөкейханов, Қайым Мұхамедханов, Мұхтар Әуезов/

5-сұрақ    Ол Ленинге Семей қаласынан жер мәселесі туралы телефонмен тікелей байланысқа шыққан «Ура,ура Қазақ жерін қайтарды»деп сүйінші сұраған Алаш қозғалысының белді мүшесі,1929жылы алғаш атылған қайраткер, физик-математик? (Халел Ғаббасов)

ІІІ-кезең  Ұлт мүддесі жолында

1-Сұрақ
«Менің мақсат-мұратым – қазақ халқының материалдық жағдайын жақсарту. Жер. Жер. Жер. Жер ешкімге сатылмасын, табиғи байлықтар шетке тасылмасын. Қазақтың кез келген әйелі тау-тастың алтынын мойындарына тақсын.  Қазақ даласы… табиғатынан ақылды және қабілетті қазақ халқы болашақта, өркениет жолында іргелі жетістіктерге жетеді» деп халық мүддесін Болашақты  қолдаған қайраткер?  (Әлихан Бөкейханов)
2- сұрақ
«Мәскеу РКИ ОК Сталинге.Ташкенттен.14 қазанда Қарқаралыда Әлихан Бөкейханов тұтқындалған.Алашордашыларға рақымшылық беру жөніндегі декретті негізге ала отырып,бұл хабардың халық арасында дүрбелең туғызуы мүмкіндігін ескере отырып,егер оның тұтқындалуына себеп жоқ болса Бөкейхановтың тез арада босатылуына Сіздің араласуыңызды сұраймыз.Осы жеделхатты оқи отырып Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановты негізсіз қудалау мен тұтқындаудан арашалау мақсатында кімдердің әрекет хаттары екенін байқаймыз. Хат иелері кім?»/Қырғыз және Түркістан АССР-нің басшылары Сұлтанбек Қожанов пен Тұрар Рысқұловтың хаты/
3-сұрақ
         «Мен Оралдан Алтайға, Сібір темір жолы желісінен Омбыға дейін… созылып жатқан орасан зор аумақта тұратын қырғыз деген халықтың өкілімін… Бізде… қырғыз тілінде оқытатын мектептерге қысым жасалды… шаруалар бастықтары (олардың басым көпшілігі бұрынғы ротмистерлер) әкімшілік және құқықтық істі қарау кезінде қырғыз тілін қолдануға мүлде жол бермейді. Қырғыздар ана тілінің еркін қолданыста болуына өте мұқтаж.Мәтінде Тіл мәселесін көтерген» кім?  (Әлихан Бөкейханов)

IV-кезең « Ұрпақтар сабақтастығы»
1. А)
Өте сирек кездесетін студент Қарқаралы түлегі,Ақмолада жұмыс жасаған Алаш қайраткері? /Дінмұхаммед Сұлтанғазин/

Б) 1964-1986 жылдар арасында Қазақстан Орталық Комитетінің бірінші хатшысы?/Дінмұхамед Қонаев/

  1. А)Тұңғыш оқу ағарту министрі /Ахмет Байтұрсынов/

    Б) 2012жылы қарашада Парижде 2017жылғы жоспарланған ЭКСПО халықаралық көрмесін Қазақстанның қай қаласын ресми өткізуші деп таңдады?/Астана/
3. А) «Алаш»партиясының басылымы /Қазақ/

    Б) Қазақтың тұңғыш президенті  /Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев/
4. А)Алаш зиялылары,тұңғыш дәрігерлер,ағайындылар. Семейде 600 хирургиялық операция жасаған, Томск медицина университетінің түлектері? /Асланбек,Мұсылманбек Сеитовтар/

    Б)  Елбасы жолдауы  2050 бағдарламасы қай жылы шықты ?
5.А)Тұңғыш «Алгебра» оқулығының авторы /Әлімхан Ермеков/

    Б) ЮНЕСКО-ның қолдауымен 1995 жылы 150 жылдық мерейтой қай ақынға арналды?

Оқушылар Алашқа арналған өлеңдер оқиды.

Қорытынды:
Тауды биік деме сен,
Талаптансаң шығарсың.
Қарсылас мықты деме сен,
Білімді болсаң шығарсың,  –  дей келе сайысымызды аяқтаймыз

 Ж.Сабанбаева, Нұр-Сұлтан қаласы «№ 68 мектеп-гимназиясы» тарих пәнінің мұғалімі.

Бөлісу: