Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ұлттық Теңге – Тәуелсіз Қазақстанның айшығы»

Мақсаты: оқушыларды Отанымызды сүюге, еліміздің ұлттық теңгемізді құрметтеуге баулу.

Білімділік: ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай,кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы түсіндіру.

Дамытушылық: оқушылардың ақша туралы түсініктері кеңейту, белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.

Көрнекілігі: теңгелер, монеталары бейнеленген плакаттар, ноутбук, слайд.

Сабақтың түрі: әңгімелемі-пікірлесу.

          Мұғалім: «Ұлттық Теңге-Тәкелсіз Қазақстанның айшығы» атты сабағымызды бастаймыз. Әр мемлекеттің өзіне тән белгілері болады. Бүгінгі сабағымызда сол басты белгілердін бірі Қазақстанның ұлттық валютасы теңге туралы әңгімелейміз.

Қай халық, қандай ұлт болмасын өз еркіндігін аңсайды. Әр ел өзінің егемен, тәуелсіз болуын армандайды. Халқымыздың жылдар бойы аңсаған ізгі армандары жүзеге асып тәуелсіздігімізге қол жеткіздік.

Айым:

Әнұраным – жан ұраным,

Айтар әнім, сөйлер сөзім.

Туған жерім – сағынарым,

Жүрсем егер дүние кезіп.

Бақыт, бірлік – күн талабы,

Тоқтамайды дабыр әні.

Мәңгі бақи шырқалады

Қазақстан әнұраны!

 

          Мұғалім: Тәуелсіздігіміз ораыйна қарай теңгенің шығуы құтты болсын! Осы азғантай уақыттың ішінде елімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар болды. Мемлекетіміздің тәуелсіздік алғаны жеткен жетістіктері ғасырға пара–пар. Осы өткен өмір жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Биыл ұлттық теңгеге 23 жыл толды.

Рүстем: 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Теңге өмірге оңайлықпен келген жоқ. Елбасымыз өз теңгемізді шығаруға қаржыгерлерге арнайы тапсырма берді. Ұлттық валютамыздың өз дизайні, өз идеясы болуы керектігін қатаң тапсырылды. Қазақстан аймағында ерте кезенде қандай ақша болғанын, тарихта бұл жөнінде қандай деректер бары іздестірілді.

          Кенжегүл: Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 13 қарашадағы №3753  1993 жылғы 15 қарашаның Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы — теңге енгiзiлген күн ретiндегi тарихи маңызын атап өте отырып, сондай-ақ қаржы жүйесi қызметкерлерiнiң тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз етудегi ролiн арттыру мақсатында қаулы етілген.15қараша Ұлттық валюта — теңге күнi, Қазақстан Республикасының Қаржы жүйесi қызметкерлерiнiң кәсiби мерекесi болып жариялансын.

          Меруерт: Ел Президентінің Жарлығымен 1997 жылдан бері 15 қараша төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді.

Түні нұрлы, ақ таңы,

Жері гүлдей бақтағы.

Ел ырысы — тайқазан,

Төл теңгеміз қақпағы.

Қазынамыз толығып,

Болсын дәйім жолы құт!

«Төл теңге — елтірегі!»

Деп құрметтер оны жұрт.

          Елдар: Ұлттық Банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі 500 рубльге бағалаған болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп 1 теңге 500 сомға бекітілді. Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді.

          Диана: 1992жылы тамыздың  2-сі күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының Әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абайдың бейнелері басылды. Екіншіден бетінде ою-өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған. 1992 жылы елде төрт адамнан құралған дизайнерлер тобы жасақталды. Теңгенің авторы болу бақыты дизайнерші Тимур Сүлейменов, қылқалам шеберлері Қайролла Ғабжалилов, Мендібай Әлин мен Ағымсалы Дүзелхановтың үлесіне тиді.

          Айым:1993 жылдың күзінде Қазақстан ТМД елдерінің ең соңында рубль аймағынан шықты. Теңге Ұлыбританияның әлемге әйгілі әрі ең көне «Харрисон және оның ұлдары» деп аталатын банкноттық фабрикасында басылып шықты. Фабрика 400 жыл бойы Ұлыбританияда банкноталарды шығарады. Кэтрин Куртис («Харрисон және оның ұлдары»), суретшілер Мендібай Әлин мен Қайролла Ғабжалилов, Джеф Стюарт (гендиректор «Харрисон және оның ұлдары»).

          Қымбат: Ұлттық валюта банкнот және монета түрінде айналысқа енгізілді. Банкнот – Ұлттық Банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета – облысымыздың орталығы Өскемендегі Монета сарайында шығарылады.

Теңгенің қасиеті:

Теңгемізде алғашқы

Бейнеленді ұлылар.

Кейін оған жалғасты

Жетістіктер қыруар.

Әбунасыр, Абылай,

Әбілқайыр, ұлы Абай,

Құрманғазы көз тартты,

Шоқан менен Сүйінбай.

Видео: Тенге национальная  валюта.

Теңгемде бар бейнесі

Ел таңбасы елімнің

Тапталып жатса егер ол,

Қадірі кетер елімнің.

Мақтансаң, мақтан елім деп,

Тани біл елдік таңбаңды.

Тәуелсіздікке тән белгі,

Қасиетті осы рәміздер.

Еліме рух мән берді,

Иесі оның мына біздер.

Теңгенің сипаттамысына  тоқталсақ:
Сұрақ –жауап:

—        Ұлттық валюта қай жылы

шығарылды? (1993ж. 15-қараша)

—        «Теңге» сөзі қай тілден келген?

(Түркілердің «таньга» сөзінен шыққан)

—       Теңгеміздің авторлары кімдер?

(Меңдібай Алин, Тимур Сүлейменов, Ағымсалы Дүзелхахов, Хайролла Ғабжәлелов)

—        Теңгеміздің қанша қорғаныш қасиеті бар? (он сегіз)

—        Ұлттық теңгеміз қайдан басылып шықты? (Англияда, «Харрисон және ұлдары» фирмасында)

          Мұғалім: Қазақстандық валютаны жасау тарихын болашақ ұрпаққа сақтап қалу мақсатында 1997 жылы 13 қарашада Ұлттық Банктің мұражайы ашылды. Бүгінгі күні мұражайдың қоры 5 мың материалдық мəдениет заттарын жинастырған. Бұл жерде 12-14 ғасырлар, қола жəне күміс монеталар, революцияға дейінгі Ресейдің, Уақытша үкіметтің, РСФСР жəне КСРО-ның ақша белгілері сақталған.

Мұражай қорында құны 5 жəне 10 рубль 1898-1899 жылдары шығарылған. Екінші Николай патшаның бейнесі бар, Ұлы Пётр және Екінші Екатерина бейнесімен күміс және алтын монеталар сақталуы тұр. Сондай-ақ неміс, орыс-поляк монеталары жəне Қытай, Мексика, Польша, Австро-Венгрия монеталары да бар.

Құны 5000 теңге салмағы 1 кг 925 сынамды күмістен жасалған Қазақстан тəуелсіздігінің 10 жылдығына арналған күміс монета мұражайға келушілерді өзінің өлшемімен жəнедизайнымен таң қалдырады . Бұл жерде «Қазақстан Петроглифтері», «Қазақстанның қызыл кітабы», “Қазақстанның қол өнері”, “Сəулет жəне тарихи ескерткіштер”, «Көшпенділер алтыны», «Ертеде соғылған монеталар» сериясындағы монеталар сақталған. Мұражайға келушілер арасында Қазақстандық теңге сарайы шығарған — “Қызыл бөрі”, “Регель қызғалдағы”, “Ана”, «8 Наурыз», «Жаңа жылдарыңызбен» алтын жəне күміс монеталар үлкен қызығушылық тудырады.

          Айғаным – 1995 жылы 24-сәуірде естелік монеталары 50 теңге номиналы бойынша ССРО-Германия соғысының жеңісіне 55 жыл толуына орай шығарылған.

          Адия – Абай мен Жамбылдың 150 жылдығына және Мұхтар Әуезовтың 100 жылдығына теңгелер шықты. Сәбит Мұқановтың 100 жылдығына орай шығарылды.

          Айым – 2010 жылы  25-мамырда номиналы 5000 теңгелік «Барыс» ескерткіш күміс монетасын айналысқа шығарды. Жартасты таулардың жоғарғы аясында қарсы барыс бейнесі болып табылады. Түрдің зоологиялық атауы — Монетаның жоғарғы, екі жолға латын тілінде жазылған, ал қазақ тіліне «айналдыра» Барыс ILBIS орналасқан.

          Зарина – 2000 жылы «Қазақстанның жаңа астанасы», қалаларға арнайы мерекелік теңгелер шықты. Ал 1-қыркүйекте Түркістан қаласының 1500 жылдығына орай 50 теңгелік мерекелік металл ақшаны шығарды.

          Шадияр – Қазақстан сериясы «петроглифтері» монеталары, монетаны айналдыра ағылшын тілінде «КӨШПЕНДІЛЕР АЛТЫНЫ» деген жазу болып табылады. «Алтын адам» жазылуы бар Қазақстан тарихына арналған монеталар 2005 жылы шығарылған.

          Ғарышкер – Бұл серия ғарышты игеру және Әлемнің құпиясын түсіну тарихында елеулі оқиғаларға арналған. Жағында аспан фонында астронавтын жоғарғы жерде «БАЙҚОҢЫР» және «ҒАРЫШ» жазылуы бар. Монетаның шыққан жылы 2007.

          Мейрамгүл – Жанындағы сөзі «БЕСІККЕ САЛУ» жоғарғы жағындағы, ортада әйелдің суреті нәрестенің бесігімен — осы салт дәстүр баланың денсаулығына байланысты. Монета 2006 жылы шыққан.

          Али – Қазақстанның қызыл кітабына жазылған құстарға арналған монеталар.Монетаның жанында сөзі «ЖАЛБАҒАЙ», суреттің қасында 2007 жылы жазылуы бар.

          Нұрислам – Монетаның периметрі бойынша мемлекеттік тілде «Бауырсақ» және орыс тілінде «Колобок» деген жазу, ертегі таңбаларды сипаттайды. Монета 2012 жылы шықты.

          Қымбат – Монетаның сырт жағында қиғаш бұлан түрінде жасалған, бір кинжала Қындағы бойынша алтын жалатылған бейнесі қосарластыру орталық бөлігінде геральдикалық бейнесі. Қазақ тілі мен ағылшын тілінде «Бұлан. Бастырма» сөзі жазылған. «2012» жылы.  

          Аигерім – Қазақстан Ұлттық Банкі 2015 жылғы 30 маусымнан бастап «Есте қалатын оқиғалар мен адамдар» монеталар сериясынан сапалы күмістен номиналдық құны 500 теңгелік «Қазақ хандығына 550 жыл» мерейтойлық монеталарын айналымға шығарды.

          Алтынбек – Ұлттық валютаны енгізуге 5, 10, 15, 20, 25 жылдығына арналған ескерткіш монеталар, 50, 500, 1000, 5000, 50 мың теңге номиналды құны.

          Диана– 4 қараша күні 2016 жылы Ұлттық Банкі 500 теңге күміс монеталар сериясы «Күлтегін» ескерткіші суретімен шығарылды.

          Рахат – Ұлттық Банкі 20 мың теңге номиналды құны банкнот шығарды.  Ол 1-желтоқсанда 2015 айналысқа енген.

Мұғалім: Біздің Отанымыз — егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай, оны ен қымбат бұйымымыздай сақтап, құрметтеп келер ұрпақтар қолына аманат етіп тапсыруға тиіспіз. Мың жаса, тәуелсіз Қазақ елі! — дей «Ұлттық Теңге-Тәуелсіз Қазақстанның айшығы»» атты сабағымызды аяқтаймыз.

Сабанбаева Ж.М. Нұр-Сұлтан қаласы

 

Бөлісу: