Түркістан облысы: Түлкібас ауданында екі жаңа мектеп салынады

2814
Биыл Түркістан облысы Түлкібас ауданында екі жаңа мектеп бой көтереді, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Түлкібас ауданының орталығында салынатын мектеп 300 орынға лайықталған. Сондай-ақ, Машат ауылдық округіне қарасты Еңбекші ауылында 150 орындық жаңа мектептің құрылысы басталмақ.

Білім саласындағы бұл мәселелер жергілікті тұрғындар тарапынан көп жылдан бері көтеріліп келген. Оңтайлы шешімі табылған білім саласындағы ауданның тың жаңалығы облыс әкімінің қолдауымен іске асып отыр. Қазіргі таңда мектептердің орналасу аумағы белгіленген.

Аудан орталығындағы мектеп құрылысы – Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің маңындағы ардагерлер аллеясының орнында, ал Еңбекші ауылындағы оқу ордасы – Тұрсынбеков мектебінің жанынан бой көтермек. Бүгінгі таңда қос жобаға облыстық бюджеттен бастапқы қаржысы бөлінген.

Дәстүр

Бөлісу: