Түркия Қырымның Ресейдікі екенін мойындамайды

19

Түркия президенті Тайип Реджеп Ердоған Қырымның Ресей субъектісі екенін мойындамағанын, әлі де мойындамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы «Украина.ру» сайтына сілтеме жасаған «Раст кз» хабарлады.

«Түркия Украинаның аймақ тұрақтылығы мен қауіпсіздігі контексіндегі маңызын сезінеді. Анкара Қырымның РФ территориясы екенін мойындамайды және алдағы уақытта да бұрынғысынша украин мемлекетінің территориялық тұтастығына қолдау көрсету ниетінде бола береді», – деді түрік лидері.

Ердоған мұны өз еліне мемлекеттік сапармен келіп жатқан Украина президенті Владимир Зеленскиймен бірге өткізген баспасөз мәслихатында айтты. .

«Түркия Украинаны біздің аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысындағы түйінді ел ретінде қарастырады. Сондықтан біз қашанда Украинаның территориялық тұтастығы мен егемендігіне қолдау көрсететін боламыз», – деп сендірді әріптесін Ердоған.

Саясаткер сондай-ақ Анкараның украин түбегі – Қырымның аннексиясын мойындамағанын және мойындау ниетінде жоқ екенін, енді Киевпен бірлесіп бұдан әрі де қырым татарларына көмектесе беретінін жеткізді.

Бөлісу: