Тәуелсіз елдің ұланы!

632

Тәрбие сағаты 

Мақсаты:
– Тәуелсіздік жайлы тереңірек түсіндіру;
– Еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру;
– Отанын, тілін құрметтеуге, қорғауға тәрбиелеу;

Жүргізуші:
Құрметті ата-аналар, қонақтар бүгінгі «Тәуелсіз елдің ұланы!» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
– «Қазақтың бүкіл тарихы- тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық, бірігу тарихы»-деп Тұңғыш президентіміз
Н. Ә. Назарбаев айтып өткендей , ата-бабамыз бізге бірліктің, ынтымақтың тұтастықтың ұлы үлгісін ұсынып кеткен екен.
*Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады
Жүргізуші:
«Өлең – сөздің патшасы»…
Өнегелі өрендерге кезек береміз.

Нұрдаулет:
Тәуелсіз елміз! Бұл көп асу,
Болашақтың ірге тасын қаласу.
Халқымызға хақ тағала жар болса,
Ұлы тарих көшімен,
Қол ұстасып әрі асу.

Рамазан:
Тәуелсіз ел атандық,
Биік даңқың.
Бар әлемге әйгілі,
Мәлім атың.
Ата-баба қанымен , Келген бізге,
Тәуелсіздік құт болып, Қонды еліме

Аңсар:
Қорғап сені өтетін
Өле-өлгенше
Мақтанамын әлемге!
Мен азатпын,
Мен – қазақпын!

Алдияр:
Абай туған, Сәкен туған
Құрметте достым, қазақтың жерін.
Қамбаға жылда миллиард құйған,
Қазақстан Тәуелсіз Республикам менің!

Ахтан Нұралі:
Тәуелсіздік!

Мансұр:
Біздің атамекеніміз, қазақ даласы – бабаларымыздың ұрпағына қалдырып кеткен асыл мұрасы.

Тоғжан:
Ләззат Асанова – Желтоқсан көтерілісінің құрбаны. Ол « Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді. Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат бола аламыз !» деген ұранмен шықты.

Аянат:
Талай-талай, қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай тіршілік иесі нәр алып жаралған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан!

Алтай:
Сарыарқаның төсінде тұр.
Ару қала Астана.
Күлім қағып көгімде тұр, Азат аспан, азат күн,
Есіл ағып іргесінде,
Куйге толсын көшеміз
Астанамен бірге біз де,
Ер жетеміз өсеміз.
*»Қазақ еліне саяхат жасайық» (слайд)

Перизат:
1991 жылы Қазақстанның тәуелсіздігін әлемнің 18 елі таныды. 1992 жылы Республика тәуелсіздігін жер шарының 30 астам елі мойындады.

Айдана:
1992 жылдың соңы – тәуелсіз республиканы дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 елмен дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашты.

Сандуғаш:
1992 жылы ҚР Мемлекеттік рәміздері Жалауы, Елтаңбасы, Әнұраны анықталды.
– Балаларға арналған сұрақтар:

Жүргізуші:
– Біздің Республикамыз қалай аталады?
– Республикасының тұңғыш президенті кім?
-Қазақстан Республикасының Елордасы қай қала?
-Қазақстан Республикасының рәміздері жайлы не білеміз?

Бекболат:
Қазақстан Республикасы Туының авторы Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков

Аймұхаммед:
Қазақстан Республикасы Елтаңбасының авторлары:- Жандарбек Мәлібеков, Шот Аман Уәлихан;

Данияр: Қазақстан Республикасының әнұранының
сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов,Нұрсұлтан Назарбаев, әнін жазған Шәмші Қалдаяқов;

-Жадырап күндей,
Жайнаған гүлдей,
Бақытты біздер баламыз!
бишілер тобы: «Құстар биі»

Жүргізуші:
« Ел үшін қан жұтқан ерлерді ел ұмытса да жер ұмытпас, Арқаның селі, желі, шөлі, белі ұмытса да ерлерді елі ұмытпас» -деп М.Жұмабаев атамыз айтқандай, дүниені дүр сілкіндіріп , қазақ елінің бостандық туын көтерген ерлеріміз мәңгі есте қалары сөзсіз.

Оқушы:
Ел тірегі- қайратым,
Абыройым, айбатым!
Отан даңқын асырдың,
Көк туымды жайнатып.
Бағымызға жүр аман,

Оқушы:
Қызыл бұлттай қырдың гүлдерін,
Көрсең ашық Алатаудың күндерін.
Жерінде гүл, көгінде күн бір жүзбен
Ұлан-байтақ Республикам бұл менің!

Оқушы:
Отанымның төрінде,
Сарыарқаның өрінде.
Ту ұстаған Астанам,
Әсем қалам – бас қалам.

ән: «Атамекен»
ән: «Көк тудың желбірегені»

Жүргізуші:
«Қазақ деген ел-бостандықты,
азаттықты, даланы, таза ауаны, таза суды, таза көгалды сүйетін халық»
(Ғабит Мүсірепов)

Томирис:
Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан.

Ақниет:
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн.

Ұлпан:
Елдігімнің реңі
Теңдігімнің тірегі
Мүддесінен халықтың
Ажырамас бір елі
Алтын заңым арай таңым!

ән: «Жаса, Қазағым!»

Исрайл:
Ата-бабам аңсаған.
Күрес салып шаршаған,
Тәуелсіздік таңы атты
Бақыттымын мен содан
Тәуелсіздік тілегім
Тәуелсіздік тірегім
Ертеңі деп елімнің
Дүрсілдейді жүрегім.
Тәуелсіздік ұраным.
Тәуелсіздік жыр әнім
Ынтымағы елімнің
Тәңірімнен сұрарым.
Бізге мұра қалалар
Бізге мұра дала бар.
Тәуелсіздік тұғырын бағалайық балалар!

Сымбат:
Он бір әріп не мағына береді,
Ал талдайық жеткенінше қызыл тіл!

Жұлдыз:
Т –білдіреді теңдікті;
Алина:
Ә –әдептілік ,өрлікті;

Аруна:
У –уайымсыз уақытты;

Махаббат:
Е –егемендік елдікті;

Махаббат:
Л –дейді лағып лепірме;

Ақерке:
С –сенімділік секілді ең;

Дина:
І –ілтипат пен ізет ғой;

Адия:
З –зиялылық тілек қой;

Зияда:
Д –шақырады достыққа;

Аян:
І –ілкімді боп сақтыққа;

Аружан:
К –дейді күн!

Тоғжан:
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын!

Тәрбиеші: Мәңгілік елдің мәңгілік білімі мектеп қабырғасында қаланады.
Мәңгілік елдің балалары намысты, қайратты, білімді, ибалы қарапайым болу керек! Мереке құтты болсын!

Гауһар Жахина, Міржақып Дулатұлы атындағы мектеп- гимназиясы, мектеп алды дайындық сыныбының тәрбиешісі.

Нұр- Сұлтан қаласы.

Бөлісу: