Tavi операциясы бойынша мастер-класс өтті

2
Жүрек орталығының дәрігерлері Өзбекстанның Ташкент қаласында Tavi операциясы бойынша мастер-класс өткізді
Жүрек орталығының дәрігерлері Өзбекстанның Ташкент қаласында Tavi операциясы бойынша мастер-класс өткізді.

2021 жылдың 11 және 12 маусымында интервенциялық кардиология және радиология бөлімінің басшысы Серік Әлімбаев пен катетерлеу зертханасының меңгерушісі Абдурашид Мұсаев Өзбекстанның Ташкент қаласындағы академик В.Вахидов атындағы Хирургия Республикалық мамандандырылған ғылыми-практикалық медициналық орталығында Tavi операциясы бойынша мастер-класс өткізді.

TAVI-бұл аорта қақпақшасын транскатетерлі имплантациялау. Бұл аорта қақпақшасының стенозы (тарылуы) жағдайында жүзеге асырылады – дәл осы клапан арқылы жүрек аортаға және одан әрі бүкіл денеге қан жібереді.

«Біз Ташкент медициналық орталығының басшылығына келіп, әріптестерімен тәжірибе бөліскені үшін алғыс айтамыз. Біз одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеміз, – дейді Серік Әлімбаев. – Мастер-класс сәтті өтті, ал операцияның өзі осы орталықта екінші рет өткізілді».

Жүрек орталығының баспасөз қызметі

Бөлісу: