Топтық жұмыс – оқытудың өте ықпалды тәсілдерінің бірі

4135

Мақсаты: топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы  бірігіп, топтасып жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

Міндеттері: оқушылардың ғылым негізі білімдерін жүйелі баяндауға және өз бетімен білім алуға, оларды тәжірибеде қолдана білуге дағдыландыру;

оқушыларда дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру;

-өз білімдерін жалпылауға және жүйелеуге дағдыландыру

оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстыру;

– оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталау емес, құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап ету;

-оқушылар сыныптастарының  көзқарасымен танысудан пайда алу;

– шағын топтық, жұптық жұмыстар  оқушыларда бірлік, бірегейлік сезім қалыптастырып, сол  арқылы өздерінің  ұжымға тікелей қатынасы бар екендігін сезіндіру;

–  «Бірлесе  көтерген жүктің жеңіл»  екендігін меңгеру;

– ұжымның әрбір мұшесі  бірін-бірі оқыту.

Күтілетін нәтиже:

– жақсы ұйымдастырылған топтық жұмыс оқушылар арасында әлеуметтік өзара қарым-қатынасты, тиімді араласу және проблемаларды шешу дағдыларын дамытады;

-оқушыларды өздерінің оқуларына белсенді қатысуға итермелейді;

– оқушыларды алынған ақпаратты ойластыруға және талқылауға, өзгелердің пікірлерін түсінуге немесе теріске шығаруға ынталандырады.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жаңа материалды өздігінен меңгере алатын, бір-біріне көмек бере алатын, өз алдына мақсат қойып, алынған нәтижелерді қадағалайтын, өз ойын еркін жеткізе оқушылар қалыптасты. Оқушылардың пәнге қызығушылықтары, белсенділіктері, жауапкершіліктері артты, қосымша материалдармен жұмыс істеуді үйренді.

Қазіргі таңда білім берудің негізгі талаптарының бірі білімді үздіксіз жетілдіру және оқыту үрдісін интенсивтендіру болып табылады. Мұның нәтижесі білімдерді терең және жоғары мәдениетті, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін игерген азаматтарды тәрбиелеумен тығыз байланысты. Мектеп тек белгілі бір білім қорына ие азаматты тәрбиелеп қана қоймай, еңбексүйгіш, білім негіздерін терең меңгерген зиятты азаматты тәрбиелеп шығаруы тиіс деп ойлаймын. Мұның барлығы білім беру мен тәрбиелеудің сапасын көтеруді, әрбір пәнді оқытудың ғылыми деңгейін жоғарылатуды талап етеді. Көптеген әдіскерлердің еңбектерінде оқу сабақтарын ұйымдастыруды жетілдірудің қажеттігі айтылған. Әрине, мектеп оқушыларының білімдерін бір жүйеге түсіруде оқу сабақтарының әр түрлі түр-пішіндерін ұйымдастыру аса қажет.

Оқу сабақтары түр-пішіндерінің әртүрлілігінің қажеттілігі білім беру мен тәрбиелеу міндеттерінің сан алуандығымен сипатталады. Мақсаты: сабақта, жалпы мектепте оқушыға жайлы және ыңғайлы болуы керек, сонда ғана оқудан жақсы нәтиже шығады.Оқушы тұлға ретінде жан-жақты дамиды. Қазіргі заманғы мектеп бала үшін қызмет етуі керек. Мектеп білімді өмірде қолдана білетін, көпшілікпен араласа алатын, ішкі мәдениеті, ойлау және сезіну қабілеті бар адам дайындау керек.

Осы  мақсатты  басшылыққа  ала  отырып,   сабақта  оқушыларды  топқа  бөліп,  топпен және  жұппен  жұмыс  істеу  арқылы,  оқушыда  өзіне  деген  сенімділігі, жауапкершілігі артып,өз ойын еркін жеткізе алатын,белсенді,өз  алдына  мақсат  қоя  алатын,  ортада  өзін  еркін  ұстайтын,  бір-бірімен  пікірлесе  білетін,  бір-бірін   оқыта  алатындығын  байқадым. Топпен жұмысты сыни тұрғыдан ойлау курсын өткен соң, атап айтқанда сегіз жыл бойы қолданып келемін. Тек оқушылармен жұмыста ғана емес, ата- ана жиналыстарында жиі қоладынамын.

Ж. Пиаже «Адамның ақылы өзін  таниды, яғни психологиялық тілмен  айтқанда, басқа  заттармен немесе басқа ақылдармен қатынаста  болады»  деген. Біз бір-бірімізбен қатынасқа түскенде  дамимыз, соның  нәтижесінде жаңа түсініктер қалыптасады. Ал, қарым-қатынас дегеніміз өзімізді басқаларға (олардың пікіріне, идеяларына, көзқарастарына, мінезіне) бейімдеу  деген сөз.

Топтық  жұмыстың  құрылымы  мына бөліктерден  тұрады:

а)  жұмыстың мақсаты: не  үшін  қолданылады  және  соңғы  нәтиже  қандай болу  керек;

ә) жұмыстың   мазмұны:  негізгі  пәндік  бағыттары;

б) жұмыстың маңызы: әлеуметтік  пайдалы бағыттылығы  мен мотивтері,  жеке тұлғаның  және  ұжымның  дамуындағы маңызы;

в)жұмысты  ұйымдастыру:  ұйымдастыру  формасы,  уақытты  бөлу,  жұмыстың  бірізділігі,  мерзімін  белгілеу;

г) жұмыстың  технологиясы: тиімді  тәсілді  талдау,  нақтылы  білім, білік  дағдыларды  меңгеруге  қажетті құралдар;

д) жұмыстың қарқындылығы,  көлемі, оқушылардың  жас  ерекшелігі  мен  педагогикалық міндеттерге  сәйкестігі;

е) жұмысты бақылау: критерилерге сипаттама, топтың қалыптасуының нәтижесі, білімнің меңгерілуі.

Топтық  жұмыстың тиімділігінің міндетті  шарты: оны  басқара  білу. Басқару  үш  кезеңнен тұрады: жоспарлау, талқылау (орындалуы),

 қорытынды (топтық  жұмысты бағалау).

 

Жұмыс барысында топтың әрбір мүшесі

-өз ойын еркін жеткізуі;

-ортақ іске өз үлесін қосуы;

-топпен бірге бір шешімге келуі;

-өзгенің ойымен санасуы;

-жұмысты белгіленген уақытта бастап, белгіленген уақытта аяқтауы тиіс 1.Сабақты топқа бөлуден бастаймын. Түстер  (геометриялы  фигуралар, гүлдер) арқылы бөлу,молекула арқылы бөлу, жыл мезгілдері арқылы бөлу, туған күндері арқылы ,  жұп, тақ сандар арқылы екі топқа бөлу, оларды тағы бір таңбалы, екі таңбалы санға бөлу арқылы бөлдім. Әртүрлі стикерлер, ко мозайка бөлшектері арқылы бөлуге болады.

2.Топқа бөлінген соң, топтық ережесін құрастырып, тақтаға жазып қоямын. Олар төмендегідей болады.   Кезекпен сөйлеу.  Бірін-бірі мұқият тыңдау  Пікірталаста өзгенің көз-қарасын түсіну үшін сұрақтын бар немесе жоқтығын сұрау Өз ойын қоса отырып, қосылатын пікірдің  бар немесе жоқтығын сұрау.Келіспеген жағдайда бөгде ойды мұқият тыңдау әр пікірге құлақ асу

Айтылған пікірді ұжымдап талқылау.  Көмектесу және көмек көрсете білу.Түсіндіруді сұрау. Пікірталастың, әңгіменің қортындысын жасау. Топпен ортақ бір пікірге келу. Уақытты үнемді пайдалана білу. Рөлдерді белгілеу (басшы, хатшы, репортер,бақылаушы және т.б) Жұмысты орындауда келісімге келу

 3.Топтарда дербес жұмысты ұйымдастыру топтық іс-әрекетке мол мүмкіндік  ашады, әрбір  оқушы жалпы тапсырманың  бір бөлігін орындайды, одан  кейін топтың барлық мүшелері жұмыстың нәтижесін тыңдап бағалайды, сынып алдында сөйлеуге ұжымдық есеп даярлайды.

Е. Конникова   топтық жұмыс жетістігінің үш негізгі шартын атап көрсетті:

а) ол  қызықтыратын  болуы  керек;

ә) ол  балалардың  қызығушылығын ескеріп, оған сүйенуі керек;

б) әрбір оқушы оның белсенді мүшесі болып, өзінің үлесін қосуы  керек. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», «Жеке жүріп жол тапқанша, көппен жүріп адас», «Көп түкірсе, көл» т.б. мақалдар арқылы халық топтық іс-әрекеттің жемісті болуы бірлікке байланысты екенін ертеден – ақ дәлелдеген.

Әліппе сабағында  әр топқа  бір сюжетті сурет беріліп мәтін құрастыруға тапсырма бердім. Берілген уақыт өткен соң топтағы алты оқушы тақта алдына шығып, бір- бір сөйлем айтты. Оқушылар бір- бірінің сөйлемдерін толықтырды.  Мақсатым: Оқушылардың сөйлем  құрастырту дағдысын қалыптастыру .

Күтілетін нәтиже: Топтағы 6 оқушы мағына жағынан байланысқан бір- бір сөйлемнен құрастырып мәтін жасап шыға

Үй тапсырмасын сұрағанда топтағы 6 баланы тақтаға шығарып тізбектеп оқыттым. (1 сынып)  Мақсатым: қай топ  жақсы оқиды және тақта алдында дауыстап оқи білуге дағдыландыру.

3-4 сыныпта үй тапсырмасын  тексергенде топтық барлық мүшелері тақтаның алдына шығып,  жоспар бойынша тізбектеп мазмұндатамын. Басқа топ мүшелері  осы топқа сұрақ қояды. Топ мүшелері жабылып жауап береді. Сабақ соңында барлық оқушылар бағаланады және  жақсы топ анықталады.  Мақсатым: мәтінді  барлық оқушыдан сұрау, (бұл жұмыс жоспар бойынша мазмұндатқанда жүзеге асты), мәтінді талдау (бұл әрекет басқа топ мүшелері сұрақ қойғанда анықталады).

 

Қазақ тілі сабақтарында мынадай жұмыстар жүргіздім.

  • Қарындаш сөзінен зат есімдер жазып, ойлау қабілеті, байқампаздық қабілеті арта түсті. Бұл сөзден- қар, ақ, шар, ана, шана, арық, шын сөздерін жазды.
  • Әріптердің орнын табу тапсырмасы арқылы оқушының зейіннің дамыту. (о ы у қ ш), ( т ұ а с з)
  • Сөздің әрбір дыбысынан сөз тудыру жұмысы арқылы оқушының сөздік қорын молайттым. Бұл жұмысты сөз таптарын өткенде зат есімге, сын есім, етістікке қолдануға болады. Мысалы, топтағы бала саны қанша болса, сонша мысал айтты.
  Зат есім Сын есім етістік Сан есім
Б балық Батыл Барды Бес
А Ара Ардақты Аралады Алпыс
Л Лақ Лағылдай Лақтырды Лек-легімен
Ы Ыдыс Ырысты Ырылдайды  
Қ қасық қасиетті қарады қырық

 

 

   Әдебиеттік оқу пәніндегі ертегі, аңыз, жыл мезгілдері, табиғат жайлы берілген тақырыптар топтық жұмыстарға өте қолайлы тапсырмалар беруге ыңғайлы.

  • Белгілі бір тақырып бойынша бірігіп салған суреттер арқылы әңгіме айту жарысын ұйымдастырдым. Мұндай жарыс әңгімеге шыққан оқушының сөз байлығы шектеулі болса,оқушыға бағыттаушы сұрақтар қойып, өз ойларын еркін жеткізуге баулып отыру қажет.Әсіресе тұйық отыратын оқушы топтың қолпаштауымен ортаға шыққанда өз тобының намысын ойлап, тәп-тәуір әңгіме айтып беруге тырысатыны байқалып қалады.
  • Рөлдік ойындар, кейіпкерлерге кластер жасау,олардың жағымды –жағымсыз қасиеттерін анықтау,кейіпкерлерге өз атынан немесе сол кейіпкерлердің образына кіріп хат жазу, жоспар құрғызу, ертегі мен аңыздардағы негізгі идеясын тауып, соған байланысты мақал-мәтелдер,жаңадан аңыз,ертегілерді құрастыру сияқты шығармашылық жұмыстарды топтық жұмыс кезінде орындау тиімді екеніне көзім жетті.

Мақсатым: оқушылардың сөйлеу тілін дамыту.Тақырыптың мазмұнын түсіндіру.

 

Дүниетану сабақтарында бірігіп бейнесөз, сөзжұмбақтар шешті.

Тақырып бойынша жеке тест құрастырып, оны топта талқылап, дұрыс тест жұмысын ұсынады.

Оқушының әрқайсысы гүл жапырақ үлгісінде кесілген түсті қағаз парағын алады. Оларға балалар өздерінің ата-аналарына несімен ұқсас болғысы келетінін (немесе ертегі кейіпкерін мультфильмге не үшін жақсы көретінін) жазуы керек. Гүл жапырақтар гүл түрінде тақтаға (немесе қатты қалың қағазға) түйреліп қойылуы керек.Тапсырманы өзгертуге болады. Жарқыраған күннің суретін салуға болады. Әр бөлікке олар әлем деген не екенін жазу үшін суретті бөліктерге бөледі (адамдар, малдар, өсімдіктер, өзендер, таулар, ормандар) содан соң сол бөліктерден бүкіл әлемді жылытып тұрған бір тұтас –Күнді құрастырады. Осындай топтық жұмыстарды түрліше ұйымдастырдым.

Математика сабағында топтық жұмыс арқылы бірлесе әрекеттенген тиімді. Мұнда біреудің жұмыстан тыс қалуы екіталай: барлығы да қызу әрекетте болады, барлығы да жұмыстың қорытынды нәтижесіне өз үлесін қосады.

Математика сабақтарында мынадай топтық жұмыстар жүргіздім:

ережелер құрастыру, есептер жазылған үлестірмелік кестелер, кері есептер құрастыру(сурет бойынша, сызба бойынша), жиындағы артық затты сызу, артық сөзді анықтау, есетің шартын оқып, сұрақ қойып, оның шешеіімін тап, екінші сұрақ қойла оның шешмін тап. Берілген  геометриялық  фигуралардан үшбұрыш (шаршы, үшбұрыш, төртбұрыш) құрастырыңдар.

Құрастырған фигураның периметрін табыңдар.

Көркем еңбек  сабағында мақсатым оқушылардың  қиялын дамытып, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

  • Мүсіндеу тақырыбында , топтарға   үй жануарлары, аңдар, үй құстары және дала құстары тақырыбында  тапсырма бердім. Мақсатым: қолдың моторикасын жаттықтыру, қиялын дамыту, топпен жұмысты қорғағанда сол жануарлар тура не білетінің айтып берді, әр оқушының сөздік қорын арттырдым.
  • Қағазбен жұмыс істегенде де бір- біріне көмектесіп, түсіндіріп, ортақ жұмыс жасайды. Бірігіп «Жайлауда,», «Бунақденелер», «Аулада» тақырыптарын ұсындым.

Бағалау.Оқушыларды әр тапсырма сайын тақтадағы БжС технологиясының матрицасы арқылы бағалап отырамын. Әр топтан неше бала жауап беріп отырғаның барлық сынып көріп отырады.

  1. Рефлексивті талқылау болып жатқанда мұғалім топтарға жақын болу керек. Жетіспейтін пікірді ұсынуға болады.Тұйық және ұялшақ оқушыларды талқылауға тарту қажетпіз. Орындалған қорытындыларды нақтылап,бірақ олардың мағынасын өзгертпеу керек.Оқушылардың сөйлеп және тындап отырғанына көз жеткізіп барлық пікірді бағалау керек.

«Мен айтып берсем- оқушы түсінеді» деген ұстанымды бүгінде қолданбау керек деп ойлаймын.

Шығыс даналығында айтылған «Маған айтсаң ұмыт қаламын,көрсетсең есімде қалар,ал істеуін көрсетіп берсен,үйреніп аламын», яғни бұл баланың ынтасын жетелеу арқылы оқыту, үйрету қажет деген сөзбен түйіндегім келеді

Сабақ жүргізу барысында интербелсенді тақта, желілік жүйе, түрлі-түсті стикер, маркер, ұялы телефон т. б құралдармен жүргіздім және олар сабақ өткізуіме тиімді болды. Интербелсенді тақтаны жаңа сабаққа қатысты тірек сызбаларында, математикалық диктанттардың жауабын тексеруде, сергіту сәттерінде, бейне жазбаларында пайдаландым.

Топтық жұмыстың артықшылығы:

  • Оқушылар өзара достық қатынаста болады;
  • Бір-бірінен сұрай отырып білімдерін жетілдіреді
  • Өзгелерге ойын жеткізу үшін өз шешімін дәлелдеп үйренеді;
  • Менен сұрап қалады-ау деп қорықпайды,топ болып жауап береді;
  • Оқушылардың мектепке деген көзқарасы өзгереді. Уақыттары қызықты әрі тиімді өтеді.
  • Топтық жұмыста бос отыратын оқушы болмайды.

Мен тәжірибеме өзгерістер енгізіп, жақсарттым деп ойлаймын. Мен әр сабағымның құрлымын өзгертіп, жаңа әдіс- тәсілдерді қолдандым. Топтық жұмыс ұйымдастырудың тиімді екенін білдім. Менің түсінгенім әр оқушы сабаққа қандай жаңалық болар екен?- деп, отыратын сияқты. Әр сабақтағы жаңалық енгізу сабақтың сапасын жақсартады деп ойлаймын. Бұрын оқушының қатесіне аса назар аударсам, ал енді «тек ештеңе жасамайтын адам ғана қателеспейді»- деген қағидаға сүйенемін. Оқушының жұмыс барысындағы сәтсіздіктердің алдын алып, оларды болдырмауға ұмтылу керек. Ал болған жағдайда,кімнің кінәлі екенін іздемей,соның себептерін талдап,болашақта оны қайталамаудың жолын қарастырған жөн. Сонымен қатар математика дәптерін тексеріп оның қатесін түзегенде, сәтті шыққан тұстарын да жазу керек екенін түсіндім. Осы топтық жұмысты әр тапсырма оқушылар үшін де мен үшін де сәтті өтті3 «В» сыныптың білім сапасы.

4  «В» сыныптың білім сапасы

  Жанаргүл Өмірзаққызы, Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназияның  бастауыш сынып мұғалімі.

Нұр-Сұлтан қаласы.

Бөлісу: