Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының 75-жылдығы

1196
Уалиханов

  2020 жылғы 22 желтоқсанда  Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының 75-жылдығына арналған «Қазақстанның тарих ғылымы: өткені, бүгіні және келешегі» атты халықаралық ғылыми-теориялық онлайн-конференция өтті.

Ш.Ш. Уәлиханов атын Тарих және этнология институты КСРО Министрлер Кеңесінің Қаулысы, КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы штаттық комиссияның 1944 жылғы 6 желтоқсандағы № 689 шешімі, КСРО ҒА Қазфилиалы Президиумының 1945 жылғы 14 тамыздағы № 20 «Тіл, әдебиет және тарих институтының құрамынан дербес институттарды: Тарих, археология және этнография институтын және Тіл және әдебиет институтын бөліп шығару туралы» Қаулысы негізінде құрылды. 1961 жылдың қаңтар айында институтқа белгілі тарихшы-ғалым, этнограф Ш.Ш. Уәлихановтың есімі берілді. ҚазКСР ҒА Президиумының 1991 жылғы 12 қыркүйектегі № 73 қаулысымен Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты болып атауы өзгертілді.

Конференцияда:

  • тарих, тарихнама, деректану және әдістеме;
  • Қазақстан тарихының теориялық-әдіснамалық мәселелері;
  • этнография, археология және мұражай;
  • Ұлы дала мемлекеттілігінің тарихы және оның сабақтастығы;
  • тәуелсіздік жағдайындағы тарих ғылымының жай-күйі мен даму перспективалары;
  • Қазақстан тарихының шешілмеген мәселелері мен «ақтаңдақтары»;
  • Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының қоғамдық-гуманитарлық ғылымдарды дамытуға қосқан үлесі, оның Қазақстан тарихының ұлттық тұжырымдамасындағы рөлі мен орны сияқты біраз тақырыптар туралы баяндамалар жасалды.

Конференция қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізілді.

Дәстүр

Бөлісу: