VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясы басталды

ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының бірінші сессиясы ашылды, деп хабарлайды dasturkb.kz порталы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шақырылымды ашық деп жариялады.

«Сайлауда жеңіске жетіп, депутат атанған азаматтардың қызметіне табыс тілеймін. Сіздер мемлекетімізді дамытып және ел мүддесін қорғау ісіне үлес қосасыздар деп сенемін. Мен бір жыл бұрын, осы ғимаратта халыққа жолдауымды жарияладым. Еліміз үшін аса маңызды сәтте саяси жаңғыру бағдарламасын ұсындым. Бастамаларымыз жұрттың шынайы қолдауына ие болды. Оған былтырғы референдумда айқын көз жеткіздік.

Біз тәуекелге бел буып, бірден іске кірістік. Бір жылдың ішінде ауқымды жұмыс атқарылды» деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жиынға мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай мүшелері, қоғам қайраткерлері мен ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаттары қатысып отыр.

Парламенттің бірлескен палаталарының отырысы республикалық телеарналарда және әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетіліп жатқанын айта кетейік.

Бөлісу: