Жаңа саябақ

201

Нұр-Сұлтан қаласында тағы бір демалыс орны ашылды.  16 га аймақты алып жатқан саябақ Сарыарқа ауданының Көктал-1 елдімекенінде орналасқан. Бұл саябақтың ерекшелігі – үлкен үш бөлікке бөлінгендігі. Осы арнайы аймақтардың бірінде спортпен шұғылдануға болады, екіншісінде балалар ойнайтын алаңдар бар. Мұнда мектеп жасына дейінгі балалар бос уақытын көңілді өткізе алады. Ал бірінші демалыс аймағында амфитеатр орналасқан. Бұл жерде ашық аспан  астында кино көруге болады, сондай-ақ шаңырақ құруға ниеттенген жастардың некеге отыруына жағдай жасалған.

Бөлісу: