Жалақының өсуі ректорлар, министрлердің немесе министрліктің жұмысының нәтижесі емес – Министр

36

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов аппарат жиналысында жалақыны өсіру бойынша ақпаратты дұрыс жеткізуді тапсырды, деп хабарлайды «Дәстүр» сайты baq.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Жалақының өсуі өте маңызды. Жалақының өсуі ректорлар, министрлердің немесе министрліктің жұмысының нәтижесі емес. Біз осыны дұрыс түсіндіруіміз керек. Бұл Мемлекет басшысының берген тапсырмасы. Біз көбінесе осы мәселені дұрыстап жеткізбейміз. Егер Мемлекет басшысы тапсырма беріп, бюджеттен тиісті қаражат бөлінбесе, онда жалақының өсуіне де мүмкіндік болмайды. Сондықтан ақпаратты дұрыс беру өте маңызды. Көбіне әріптестерімізге осы ақпарат дұрыс жетпей жатады. Тағы да қайталап айтамын, жалақының өсуі – бұл Президенттің тапсырмасы. Ол ректордың әлде министрліктің арқасында болған шаруа емес. Осыны дұрыс қабылдау керек», – деді БҒМ басшысы.

Министр айтқандай, берілген тапсырма – жалақыны 25%-ке өсіру. Сондай-ақ Асхат Аймағамбетов педагог мәртебесі бойынша жалақының өсуі бәріне мәлім екенін де айтты.

«Қаңтар айынан бастап 25%-ке өсті. Қыркүйек айында да көбейді. Келесі жылы қаңтар айында да артады. Мұның бәрі Президенттің тапсырмасының аясында. Бұл Білім басқармасы, министрлік, басқа тұлғаларға байланысты емес. Бюджеттен қыруар қаражат бөлініп жатыр. Бұл алдыңғы жылы Мемлекет басшының тамыз кеңесінде берген тапсырмасының шеңберінде атқарылып жатыр, – деді А. Қанатұлы.

Бөлісу: